Негізгі Жаңалықтар Бүлдіршін және кәсіп: Атбасардағы бөбекжайда 7 шеберхана ашылды

Бүлдіршін және кәсіп: Атбасардағы бөбекжайда 7 шеберхана ашылды


ДИКТОР: Атбасар қаласындағы «Алтын бесік» бөбекжайында бүлдіршіндерді ертең жастан еңбекке және кәсіпке баулу қолға алынған. Онда ата-аналар мен тәрбиешілердің көмегімен 7 бірдей шеберхана жұмыс істеп тұр.  

РКС: 4-5 жасар бүлдіршіндер мұнда тігін тігу, аспаздық өнер, құрылыс пен инженерліктің әліппесін меңгереді. Өскенде өрт сөндіруші болғысы келетін балақайларды да ойын арқылы шыңдау ойластырылған. Әр шеберхана нағыз шығармашылық орталығындай жабдықталған. 

СНХ: АЙТОЛҚЫН МАРАТ, МЕКТЕПАЛДЫ ТОБЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ: Мен ертең өскенде болам аспазшы, тәтті бәліштер істейтін боламын. 

РКС: Бөбекжай педагогтары оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен қолға алынған пилоттық жобаға үлкен жауапкершілікпен кіріскен. Әр бөлмені өз күшімен жабдықтап, безендірген.  

СНХ: АЙНА БАЙҒАЗИНА, АТБАСАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ «АЛТЫН БЕСІК» БӨБЕКЖАЙЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ: Осы жобаның мақсаты балаларды ерте жастан еңбекке баулу және мамандықтармен таныстыру және еңбекке қызығушылықтарын арттыру. жобада қатысатын балалар 4-5 жастағы ересек және мектеп алды топтар. ата-аналар мен педагогтардың өз қолымен жасалған дүниелер. 

РКС: Балаларды ерте жастан еңбекке баулу ісінде асқан шеберлік танытқан бөбекжай меңгерушісі Жанаргүл Толғамбаева биыл Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен марапатталған. Педагогика саласында 30 жылдан аса еңбек ететін ол «тәрбиеші-ата-ана-бала» арасындағы байланысты мықтап ұстап отыр. 

СНХ: ЖАНАРГҮЛ ТОЛҒАМБАЕВА, АТБАСАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ «АЛТЫН БЕСІК» БӨБЕКЖАЙЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Ең бастысы бұл шеберханалардың ашылып, жұмыс істеп тұрғанына ата-аналар риза. Біздің балабақшада әжелер мектебі, әкелер мен аналар мектебі бар. Бүлдіршіндеріміз өз қолымен дайындаған тәтті тоқаштарын ата-аналармен болған кездесуде оларға ауыз тигізіп тұрады. 

РКС: Мұндай шеберханалар Атбасар қаласындағы жұмысшы мамандарын дайындайтын жалғыз оқу орнында да бар. Аграрлық-индустриялдық колледжінде 13 мамандық бойынша 600-ге тарта студент оқиды. Шаштараз, тігін цехы мен аспазшы шеберханаларында студенттер шеберліктерін шыңдап қана қоймай, шынайы тапсырыстар қабылдап, табыс таба алады.   

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу