Негізгі Жаңалықтар Музейге көне Құран тапсырылды

Музейге көне Құран тапсырылды


ДИКТОР: Ғасырдан астам тарихы бар Құран кітабы музей қорына тапсырылды. 1908 жылы жарық көрген көне басылымды отбасы әулет мұрасы ретінде аманат етіп келген. Енді тарихи жәдігер облыстық тарихи-өлкетану музейінде көпшілік назарына ұсынылмақ. Құнды кітаптың тарихын әріптесім Жанар Мұқышева баяндайды. 

РКС: Бұл Құранды Мұхамеджар Нұралыұлы көзі тірісінде балаларына аманат еткен. 1902 жылы Шонай ауылында дүниеге келген ақсақал арабша сауатты, діни білімі терең, кітапқұмар жан болған. Кеңестік кезеңнің шектеулеріне қарамастан, діни дәстүрді дәріптеп, мол кітап қоры мен қолжазбаларын жинаған. Әкесінен қалған аманатты қызы Сәуле Мұхамеджарқызы осы күнге дейін көзінің қарашығындай сақтап, енді музей қорына тапсырды.

ИНТЕРШУМ: 

СНХ:СӘУЛЕ ҚАБАНТАЕВА, МҰХАМЕДЖАР НҰРАЛЫҰЛЫНЫҢ ҚЫЗЫ: Әкем өзі ісмер кісі болған. Өте көп кітап оқыған, газет-журналдары көп болған. Қаншама материалдар жиналып қалды. Содан не істейміз деген ой келді. Ерекше осы Құранға назар аудардым мен. Сол Құранды бәріміз ойлап жүруші едік, біз енді мәңгі емеспіз ғой, сондықтан бір шешімге келдік. Осы облыстық музейге тапсыруға. 

РКС: Көне Құранның музей қорына тапсырылуына тарихшы Аманай Сейітқасымовтың зерттеуі себеп болған. Ғалым кеңестік кезеңдегі өңірдің діни тарихын зерттеп, ел ішінен тарихи деректер жинап жүр. Сол ізденіс барысында Красный Яр ауылында ақсақалдың ұрпақтарымен кездесіп, әулетте сақталған құнды мұраларға кезіккен. 

СНХ:АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Сәуле апамыз әкесінің көп жазбаларын көрсетті. Оның ішінде төте жазумен жазылған Көкше өңіріндегі ақын, серілер, дін өкілдері туралы біраз естеліктері бар екен. Бірақ жарияланбаған. Ақан сері, Науан Хазрет, Мәмбетәлі Сердалин секілді оқымыстылар шыққан , солар туралы. Және менің көзіме түскені, Сәуле апамыздың қолында, атамызың қайтқанына бір 20 жылдай болып қалыпты, ол кісі балаларына аманат етіп осы Құран кітапты тастап кеткен екен. Құранды қолыма алсам, кәдімгідей кигізбен қапталған, көзінің қарашығындай сақтаған ғой. 1905-1906 жылдары Қазан қаласынан шыққан екен.

РКС: Әулеттен жеткен тарихи жәдігерлердің өлке тарихын толықтыруда маңызы зор. Қолжазбалар Көкше өңірінің рухани өмірі мен елге белгілі тұлғалар туралы тың деректер беруі мүмкін, - дейді тарихшы. Ал көне Құран кітабы енді облыстық тарихи-өлкетану музейінде көпшілік назарына ұсынылмақ.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ  


Бөлісу