Негізгі Жаңалықтар «Зерде» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтуде

«Зерде» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтуде


ДИКТОР: Ақмола өңірінің 300-ге жуық оқушысы «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар байқауының облыстық кезеңінде бас қосты. Өңірдің әр түкпірінен жиналған жас зерттеушілер 12 бағыт бойынша өзара бақ сынамақ. Әрқайсысы тың идеясы мен ғылыми ізденісін ортаға салып, қазылар алқасының алдында жобаларын қорғауда.  

РКС: «Зерде» республикалық байқауы 3 кезеңнен тұрады. Мектепішілік, аудандық және облыстық. Бүгінгі додада алғашқы 2 кезеңнен сүрінбей өткен ең үздік жобалар мен шығармашылық жұмыстар қорғалды. Дәстүрге айналған облыстық байқау қазақ және орыс тілде ұйымдастырылған. Қатысушылар 2-8 сынып оқушылары. 

СНХ: ІҢКӘР ҚАБДУРАШИТ, «ЗЕРДЕ» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНЕ ҚАТЫСУШЫ:(ҚОСШЫ): Орта ғасырлық үйге қарама-қарсы заманауи үйлер. Олар 7 және 7 қабаттан. Олардың астында көлік тұрағы. Үстінде шаңырақ. ЛРТ ол өте жылдам және экологияға зиян келтірмейді. Мен оны Астанадан көріп өз макетіме қосқым келді. 

РКС: Бұдан бөлек «Физика, ғарыш және жер туралы ғылымдар», «Экология, адам денсаулығы және психалогия», «Робототехника», «Тарих, өлкетану, құқықтық және адамзаттық сауаттылық» және өзге тақырыптардағы ғылыми жобалар таныстырды. Соның ішінде «Математика және қолданбалы математика» бағыты бойынша 2 сынып оқушылары Інжу Асқар мен Іңкәр Жақыптың жобалары ерекшеленді. Қос бүлдіршін көбейту кестесін жаттаудың тез әрі тиімді жолдарын ойлап тапқан.

СНХ: ІНЖУ АСҚАР, №14 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ (КӨКШЕТАУ): Біз көбейту кестесін жаңа бастадық. Бізге қиын болды. Содан кейін біз математикалық амалдарды қолдана бастадық. Және оларға ойындар, тапсырмалар көместі. Біз үзілісте ойындар ойнаймыз. Ең бірінші тақтада математикалық йога жасаймыз. 

СНХ: БАЯН БЕКАХМЕТОВА, ПЕДАГОГ-САРАПШЫ (БІРЖАН САЛ): Балаларға қатты ұнады. Бекітілген уақытта жобаларын қорғап үлгерді. Біздің алған жобамыз этномәдениет. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында 1 жылдық еңбегімізді көрсетіп, аудан ішінен 1-ші орын алып, осында келдік. Осында «Текемет ата-баба мұрасы» тақырыбын қорғап, ұмытылып келе жатқан дәстүрімізді дәріптеп, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, сауалнама алды.  

 РКС: Оқушылардың ғылыми зерттеулері мен шығармашылық жұмысына Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеттің ғалымдары мен профессорлар бағалады.  

СНХ: ЛИЗА НӘБИ, ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Бұл сайыс жыл сайын өткізіледі. Себебі Ақмола облысының дарындарын агнықтауға және олардың ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған ғылыми сайыс. Жыл сайын балалардың ғылыми зерттеулерге деген қызығушылығы, құлшынысы артып келеді. Биылғы жылдың ерекшелігі балалар ЖИ элементтерін қолдануы және цифрлық сананы тиімді пайдаланған.  

РКС: 400-ден астам жұмыстың ішінен іріктелген 280-ге жуық жоба жас буынның ғылымға деген құлшынысы мен шығармашылық ізденісінің айқын көрінісі. Әрбір зерттеудің артында тың идея, табанды еңбек пен үлкен үміт жатыр. Бүгінгі білім додасында бақ сынаған жас дарындардың ізденісі ертең ел игілігіне қызмет етер жаңалықтарға ұласарына сенім мол. 

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу