Негізгі Жаңалықтар Қаланың коммуналдық қызметі қысқа дайындықты бастады

Қаланың коммуналдық қызметі қысқа дайындықты бастады


ДИКТОР: Көкшетаудың коммуналдық қызметі қыс маусымына дайындыққа кірісті. Шаһарда аумақтарды тазарту жұмыстары жүргізіліп, арнайы техникалар тексерістен өткізіліп, көк тайғаққа қажетті қор дайындалып жатыр. Биыл көшелер мен алаңдарды қалыпты жағдайда ұстау үшін 600 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Қаланың аумағы ұлғаюына байланысты қызмет көрсету учаскелеріне бағытталатын қаржының көлемі де көбейді.  

РКС: Жалпы облыс орталығының тазалығына төрт мердігер ұйым жауапты. Бір ғана коммуналдық қызмет квартал ішіндегі аумақтардың қалыпты жағдайда болуын қадағалайды. Қыстың алдында кәсіпорын мамандары техникаларды тексеріп, қажетті материалдарды дайындау үстінде. .

СНХ: ВЛАДИМИР КОРНАТОВСКИЙ, «КӨКШЕ-ТАЗАЛЫҚ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ БОЙЫНША ИНЖЕНЕРІ: Біз қазір қаланы жапырақтан тазартып, жолдар, аулалар мен алаңдардың қыс маусымына дайындығын пысықтап жатырмыз. Ұйым қазіргі уақытта қысқа 90 пайыз дайын. Алғашқы уақытқа 200 текше инертті материал және көк тайғаққа қарсы 20 текше материал дайындалды.

РКС: Қаланың ұлғаюына қатысты тазалау аумағы да ұлғайды. Мысалы, бұрынғы көшелер мен алаңдарға енді «Жаңа жағалау» мен «Көк шалғын» қосылды. Шеткі шағын аудандар да назарда. Қыс мезгілінде коммуналдық қызметтер тек инертті материалдарды ғана емес, арнайы реагенттерді де қолданатын болады. Бұл жолдар мен тротуарларда тайғақпен күресуге көмектеспек. 

СНХ: ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Жалпы қысқы жұмыстарға қала көшелеріндегі қарды шығару және қажетті реагенттерді себу жұмыстары қарастырылған. Жалпы осы қысқы жұмыстарға тоқталатын болсақ, Кокшетау қаласына шамамен 600 миллион теңгедей қарастырылған. Бұл жұмыстардың ішінде атап айтылған жұмыстар атқарылады. Бұл жалпы қысқы жұмыстарды атқаруға келісімшарт бойынша шамамен 130 бірлік техника қажет. Бұның ішінде қар шығару техникалары, фронталды тиегіштер, өздігінен жүретін техникалар қарастырылған.

РКС: Коммуналдық қызмет мамандарының алдында тұрған басты міндет түскен қарды уақытында жинап, жолдар мен тротуарлардағы мұздарды ою. Бұл жұмыстардың сапасы облыс орталығы тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығына әсер етпек. 

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу