Негізгі Жаңалықтар Автошеру жол апатынан қаза тапқандарды еске алуға арналды

Автошеру жол апатынан қаза тапқандарды еске алуға арналды


ДИКТОР: Көкшетауда жол апатынан қаза тапқандарды еске алудың халықаралық күніне арналған автошеру өтті. Акция полицейлердің, құтқарушылардың және медицина қызмектерлерінің басын біріктірді. Ішкі істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, 9 айда елімізде жол апатынан 1 мың 432 адам қайтыс болып, 33 мыңнан астам адам жарақат алған. Жалпы апаттылық деңгейі 5 пайызға төмендегенімен, статистика әлі де алаңдатып отыр.  

РКС: Көкшетаудың көшелерімен жүріп өткен көліктер легі әдемі кадрға түсуді мақсат тұтқан жоқ. Автошерудің басты мақсаты –жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолдағы қателіктердің неге әкеліп соғатынын еске салу. Алдымен жолда қаза тапқандар бір минуттық үнсіздікпен еске алынды. 

ШУМ:

РКС: Бұл күні қоғамдық тәртіп сақшылары төтенше жағдайлар қызметіндегі әріптестерімен, соның ішінде құтқарушылар және медицина қызметкерлерімен бірге көшеге шығып, жергілікті тұрғындармен тікелей әңгімелесті. 

СНХ: ЕРЖАН ҚОШҚАРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Бұл жай ғана еске алу күні емес, бұл адам өмірінің қадірі, жолдағы абайсыздықтың салдары және жол қозғалысына қатысушылардың әрқайсысының жауапкершілігі туралы тағы бір мәрте ойлануға себеп болатын маңызды күн. Бүгінгі акцияда әрбір жүргізуші және жаяу жүргіншіге жол қателіктерді кешірмейтінін, ал жол жүру қағидаларын сақтау – ең алдымен адам өмірін сақтау екенін тағы бір мәрте еске салады. Барлық қатысушыларға қауіпсіз және акцияның сәтті өтуін тілеймін.

РКС: Сонымен қатар, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында облыстық полиция департаменті бірқатар тақырыптық бейнеролик әзірледі. Қазір бұл роликтер қаладағы барлық кинотеатрдың экрандары арқылы көрсетілуде. 

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.


Бөлісу