Негізгі Жаңалықтар Өңірдің жолдары қысқа дайын

Өңірдің жолдары қысқа дайын


ДИКТОР: Облыстық полиция департаментінде қыс мезгілінде жолдағы қауіпсіздік мәселесне арналған жұмыс кеңесі өтті. Жыл басынан бері өңірдің тәртіп сақшылары автомобиль жолдары мен теміржол өткелдеріне 2,5 мыңнан астам тексеріс жүргізген. Инфрақұрылымды күтіп-ұстау талаптарын бұзған 255 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. Трассалардың жағдайы, арнайы техникалардың дайындығы мен жолдағы қауіпсіздік шаралары жайында тілшіміз баяндайды. 

РКС: Осы кезге дейін апатты-қауіпті 104 учаскеге 1832 жол белгісі, 5 мыңнан астам дабыл бағанасы мен 10 бағдаршам орнатылған. Сонымен қатар 80 жол учаскесіне дыбыстық жолақ төселіп, 40 шақырым аумақ жануарлардың жолға шығуын шектейтін қоршау орнатылды. 32 шақырымға қар тоқтататын құрылым қойылған. Алайда тексерістер кемшіліктерді де анықтады. Жиын барысында жауапты мердігерлерге орын алған бұзушылықтарды жою тапсырылды. 

СНХ: ЕРЖАН ҚОШҚАРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Орын алған кемшіліктерді жою, жолдарды уақытылы қардан тазарту және көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеуді қамтамасыз ету тапсырылды. Сондай-ақ жол күтімі қызметтері мен полиция арасындағы үйлесімділікті нығайту, халықты жедел ақпараттандыру бойынша шаралар қабылдау ұсынылды. Өйткені адам өмірі мен азаматтардың қауіпсіздігі тиісті мекемелердің өзара келісілген әрекеттеріне тікелей байланысты.

РКС: Жол күтімі қызметтерінің қыс мезгіліне дайындығы бөлек талқыланды. «ҚазАвтоЖол» компаниясы өңірлік филиалының мәліметінше, өндірістік инфрақұрылымның дайындығы аяқталды. Қазандықтар, жылыту пункттері, химиялық реагенттерді сақтау орындары және арнайы техника паркі толықтай дайын. 

СНХ: ХАМЗАТ СҰЛТАНОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Филиал қыс мезгіліне толық дайын. 324 техника бар. Бұдан бөлек, 14 жол-пайдалану пунктін, 8 депо мен қосалқы қызмет көрсететін бөлімшесін пайдаланамыз. Көктайғаққа қарсы материалдар толығымен сатып алынып, учаскелерге жеткізілді. Барлық техника мен қажетті материал дайын тұр.

РКС: Кеңес қорытындысы бойынша жауапты ұйымдарға жол жағдайына бақылауды күшейту, жол жабындысын уақытында тазалау және өңдеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ жүргізушілерді кез келген жол қозғалысына шектеулер туралы уақытылы хабардар ету тапсырылды. 

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу