Негізгі Жаңалықтар Жыл басынан бері браконьерлікке қатысты 200-ден астам дерек тіркелді

Жыл басынан бері браконьерлікке қатысты 200-ден астам дерек тіркелді


ДИКТОР: Ақмола облысында браконьерлікпен күрес табиғатты қорғау полициясы, прокуратура, орман және балық шаруашылығы инспекторларының бірлескен рейдтері мен «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шаралары арқылы жүйелі түрде жүргізіледі. Жыл басынан бері Ақмола облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзу мен браконьерлікке қатысты 200-ден астам дерек тіркеліп, республикалық және өңірлік деңгейде бірнеше ірі жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

РКС: Бүгінгі таңда жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерінің тізбесіне 520 су айдыны енгізілген. 359 су айдындары мен учаскелері пайдаланушыларға бекітілген. Өңір аумағында соңғы он айда заң бұзушылыққа қатысты 6,7 млн теңгеге 269 әкімшілік хаттама толтырылып, оның 5,6 млн теңгеден астамы өндірілді. Балық ресурсына келтірілген шығын 25 млн теңгені құраған. 111 бірлік тыйым салынған ау құралдары және 1500 килограмм балық тәркіленді.    

СНХ: ЕРЛАН ҚОСМАҒАНБЕТОВ, «ЕСІЛ» ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Балық аулаушыларға қойылатын негізгі талап, әуесқой балық аулаушыларға қойылатын талап: егер су айдындары табиғатты пайдаланушыларға бекітілген болса, балық аулауға барғанда жолдама алу, ал егер резервтік қордағы су айдындары болатын болса, балық аулаушылар 5 кг дейін еш құжатсыз аулауға болады рұқсат етілген аулау құралдарымен. Ал кәсіби балық аулаушыларға рұқсат қағаздары басқаша, оларда тиісті қағаздары бар, заңмен белгіленген мерзімде ғана балық аулауға болады.

РКС: Биыл Біржан сал ауданындағы ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын Жөкей көлінде Астана және Қосшы қалаларының тұрғындары қайық пен ау қолданып, 33 келі балықты заңсыз аулағаны үшін ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Зеренді ауданындағы Мырзакөлсор көлінде браконьерлер 158 кг тұқы балығын аулап, инспекторларға қарсылық көрсетіп қашып кетпек болған. Олардан қайық, гидрокостюм және аулар тәркіленіп, Қылмыстық Кодеккстің 335-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

СНХ: ЕРЛАН ҚОСМАҒАНБЕТОВ, «ЕСІЛ» ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: 2026 жылға келетін болсақ, осы жылдың 10 айында біздің инспекция қызметкерлері 4 қылмыстық іс анықталып, ішкі істер органдарына тапсырылды. 11 хаттама толтырылып, сот органдарына жіберілді. Өрескел балық аулау қағидасын бұзғаны үшін.389 бап 1 тармағы бойынша балықты заңсыз тасымалдау бойынша 4 факті, 5 факті балықты аумен заңсыз аулағаны үшін.

РКС: Облыс аумағында, әсіресе Зеренді, Сандықтау, Ақкөл және Целиноград аудандарында сібір еліктері мен ақбөкендерді заңсыз ату деректері жиі кездеседі. Қорықшылар мен полицейлер бұл жануарлардың популяциясын сақтауға ерекше бақылау орнатқан. Кінәлілерге ірі көлемде айыппұл салынып, бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы тағайындалады, сонымен қатар көліктері мен қарулары тәркіленеді. 

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.


Бөлісу