Негізгі Жаңалықтар Көкшетау 2027 жылды қарсы алуға дайындық үстінде

Көкшетау 2027 жылды қарсы алуға дайындық үстінде


ДИКТОР: Көкшетау Жаңа жылды қарсы алуға қызу дайындық үстінде. Бүгін қала әкімі Әнуар Күмпекеевтің төрағалығымен өткен жиында мерекелік безендіру тұжырымдамасы мен алдағы мерекелік шаралар бағдарламасы талқыланды. Солтүстік өңірдегі ауа райының өзгеруіне және қардың жоқтығына байланысты мерекелік шаралар өтетін орындарды түрлі түсті шамдар арқылы безендіруге басымдық берілмек. Қала тұрғындарын қандай тосынсыйлар күтіп тұр? Жаңа жылдық іс-шаралар қай жерлерде өтеді? Тілші айтсын. 

РКС: Биыл Көкшетау қаласында жарық инсталляциялары мен түрлі-түсті жарық арқылы мерекелік атмосфера қалыптастырылмақ. Қала бойынша 50-ге жуық шағын сәулеттік жарық құрылымын орнату жоспарланған. Ұйымдастырушылар қысқы ойын-сауық шараларын да қарастырып отыр. Шаһардың шағын 15 ауданында мұз айдындары мен сырғанақтар жасалады. Тағы бір жаңалық – «Аяз ата экспресі» деп аталатын арнайы жаңа жылдық көлік қызметі іске қосылмақ. Аталған жоба аясында қала көшелеріне мерекеге сай безендірілген 10 автобус шығарылады. Бұдан бөлек, 8 жылы аялдама да мерекелік нақышта безендіріледі.

СНХ: ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біздің міндетіміз - қалада ерекше мерекелік атмосфера қалыптастыру. Тұрғындардың мерекелік күндері қызықты әрі жайлы уақыт өткізуіне жағдай жасау. Жай ғана қалада емес, елдімекендерде де осындай жұмыс жасау керек. Негізгі орындарда алмалы айтында қаланың мерекелік безендірілу тұжырымдамасын жаңа жылдың жарқын шырақты жарқтандыруды нысандарын безендіру қысқа аттракциондар және мұз айдындарын фото аймақтармен ойын-сауық алаңдарын қалыптастыру мәселелерін пысықтап қажет. 

РКС: Жаңажылдық кештердің өтетін басты орны — «Көк шалғын» аллеясы болмақ. Шаһардың Жаңажылдық басты шыршасы дәл осы жерге орнатылады. Оның шамы салтанатты түрде 12 желтоқсанда жағылады. 


СНХ: АЙГҮЛ НӨГЕРТАЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл шыршадан бөлек, биіктігі 16 метр болатын тағы екі шырша орнатылады. Абылай хан алаңында және Болашақ Сарайының маңындағы тікұшақ алаңында бой көтермек. Жаңа жылдық негізгі мерекелік шара тікұшақ алаңында кешкі сағат 8-ден түнгі 11-ге дейін өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары алдында қазақстандық эстрада жұлдыздары Raim мен Ерке Есмахан өнер көрсетеді. Мерекелік шара дәстүр бойынша, Жаңа жылдық отшашумен аяқталады.

РКС: Осылайша, Жаңа жыл қарсаңындағы түн қызыққа толы болмақ. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар шаһар тұрғындары мен қонақтарына керемет көңіл күй сыйлайтынына сенімді. Мерекелік алаңдардың алуан түрлілігі әркімге өз қалауына сай көңіл көтеруге мүмкіндік бермек. 

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу