Негізгі Жаңалықтар Қылмыстық топ дропперлердің банктік шоттарын алаяқтық жасау үшін пайдаланған

Қылмыстық топ дропперлердің банктік шоттарын алаяқтық жасау үшін пайдаланған


ДИКТОР: Ақмола облысының тұрғындары интернет-алаяқтыққа қатысты ірі қылмыстық істің құрбандары болды. Қаржылық мониторинг агенттігі дропперлерді іздеумен айналысып, олардың банк шоттарын ақша аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланған адамдар тобын ұстады.

РКС: Істі Абай облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті тергеді. Қызметкерлер Семей қаласы университеттің 6 студентін анықтап, жауапқа тартқан. Тергеу мәліметінше, алаяқтар жастарға тиесілі банк карталарын ақша қабылдау үшін пайдаланған. Кейін түскен қаражатты бірнеше бөлікке бөліп, басқа шоттарға аударып отырған. Бұл тәсіл қаражаттың шығу тегін жасырып, қаржы ағынын бақылауды қиындатқан. Кейіннен ақша қолма-қол ақшаға айналдырылған.

СНХ: ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Студенттердің бірінің шотына ғана 25 азаматтан 16 миллион теңгеден астам қаражат түскен. Ақша жіберген азаматтар интернет-алаяқтыққа байланысты істер бойынша жәбірленушілер екені анықталды. Олар елдің 11 өңірін қамтиды. Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

РКС: Жыл басынан бері Ақмола облысында экономикалық құқық бұзушылық фактілері бойынша 23 қылмыстық іс тіркелген. Мамандардың айтуынша, тұрғындар жыл сайын мыңдаған алаяқтық жағдайына тап болады. Әсіресе интернеттегі алаяқтық схемалар кең таралған.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЕЛДОС ЖӘРКЕН, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу