Аймақта дәнді дақылдар алқабы 838 мың гектарға ұлғайтылды
ДИКТОР: Аймақта орақ науқаны аяқталуға жақын. Шаруашылықтардың басым көпшілігі дәнді дақылдарды жинау жұмыстарын аяқтады. Биыл бидай алқаптары біршама қысқартылды, есесіне орнына сұранысы жоғары және табысты дәнді дақылдар егілмек. Қазір диқандар майлы дақылдардың соңғы гектарларын жинап жатыр. Егіс алқаптарында тек ауылшаруашылық саласының ғана емес, ғылыми-өндірістік орталықтың өкілдері де бар. Тәжірибелік алқаптардағы маусым қалай аяқталуда? Тілші баяндасын.
ИНТУРШУМ:
РКС: Александр Иванович Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы ауыл шаруашылығы маусымын аяқтауда. Орталықтың жалпы жер көлемі 6 мың гектар. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың негізгі көлемін шаруалар жинап үлгерді. Қазір соңғы кезеңнің бірі майлы дақылдарды жинау жұмыстары жүріп жатыр.
СНХ: МАҚСҰТ ТӘШЕНОВ, А.И. БАРАЕВ АТЫНДАҒЫ АСТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС АГРОНОМЫ: Соңғы алқаптарды, майлы дақылдарды жинап жатырмыз. Бұл-күнбағыс. Кеше «Шуақты» сортты күнбағысты жинадық. Бүгін «Күн нұры» сортты күнбағысты жинап жатырмыз. Бұл «суперэлита» санаты. «Шуақты» сортының өнімділігі гектарына 10 центнер болды. Ал «Күн нұры» сортының өнімділігі шамамен 12 центнерді құрап отыр. Биылғы ауа райы жағдайын ескерсек, жаман көрсеткіш емес. Ал, зығыр бойынша өнімділік 7,7 центнер.
РКС: Өңірде егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл Ақмола облысының шаруалары майлы дақылдардың егіс көлемін 838 мың гектарға дейін ұлғайтты. Фермерлер сапалы өнім алуы үшін орталықтың селекционерлері жаңа сорттарды шығару жұмыстарын тұрақты түрде жетілдіріп келеді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: МАРАЛ ӨТЕБАЕВ, А.И. БАРАЕВ АТЫНДАҒЫ АСТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Май құрамындағы белгілі бір май қышқылдарының арақатынасы,яғни майлылықтың жоғары болуы майлы дақылдар бойынша тұтынушылар үшін маңызды көрсеткіштердің бірі. Осы бағытта да жұмыс істеп жатырмыз. Бұл ретте біздің зертхана дәстүрлі селекциялық әдістермен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, селекциялық-генетикалық әдістер де қолданылады. Яғни дезоксирибонуклеин қышқылы негізінде түрлі әдістер пайдаланылады//.
РКС: Жалпы елде егін жинау науқаны өз мәресіне жетуге жақын. Еске салайық, майлы дақылдардың егіс алқабы өткен жылмен салыстырғанда 3 есе ұлғайып, 5 миллион 179 мың гектарға жетті. Нәтижесінде биыл елде рекордтық өнім 5 миллион тоннадан астам майлы дақыл жиналады деп күтілуде. Оның басым бөлігі отандық кәсіпорындарда өңделеді.
СНХ: НАЗГҮЛ ХАТЕПОВА, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Жалпы бүгінгі күнде негізгі ауыл шаруашылығы шикізаты бойынша, бұл ет, сүт өнімдері, майлы дақылдар және астық дақылдары бойынша соңғы 3 жылда өңдеу көлемі 35 пайыздан 64 пайызға дейін өсті. Қазіргі кезде қайта өңдеу саласына да ерекше көңіл бөлінуде. Жалпы осы ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу үлесінің артуы ол біздің экспортымызда да көріңіс тапты. Егер осыдан бірнеше жыл бұрын біздің экспортымыздағы қайта өңделген өнімнің үлесі 43 пайызын құраған болатын болса, өткен жылы қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 52 пайызды құрады.
РКС: 3 жыл ішінде елде ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу деңгейі 2 есеге өсті. Осыдан 3 жыл бұрын бұл көрсеткіш 35 пайызды құраса, биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оны 70 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, КАРИНА СҮЛЕЙМАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРА