Негізгі Жаңалықтар Жыл басынан бері iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына 40 мыңға жуық ақмолалық жүгінген

Жыл басынан бері iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына 40 мыңға жуық ақмолалық жүгінген


ДИКТОР: Жыл басынан бері аймақтағы iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығының көмегіне 40 мыңға жуық ақмолалық жүгінген. Қызмет операторлары тәулік бойы тұрғындардың түрлі сала бойынша өтінімдерін қабылдайды. Олардың қатарында денсаулық сақтау саласына қатысты шағымдар мен ұсыныстар да бар. Мұндай өтініштерге 15 жұмыс күні ішінде жауап беріледі. Азаматтардың хабарламаларының басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты. Мәселелерді анықтап, оларды шешуге цифрлық технологиялар да көмекке келеді. 

РКС: Бүгінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және абаттандыру саласындағы мәселелер, жол жабынының немесе жарықпен қамту жүйесінің ақаулары және басқа да мәселелерді хабарлау үшін көкшетаулықтарға смартфонның өзі жеткілікті. Ол үшін 109 қысқа нөміріне қоңырау шалуға немесе іnstagram арқылы, сондай-ақ тelegram-ботқа өтініш жолдауға болады. Өтінішті қарау уақыты мәселенің сипаты мен оның шұғылдығына байланысты. Ашық қалған құдықтар, су құбырының жарылуы немесе электр энергиясының болмауы сияқты шұғыл өтініштер бірінші кезекте қаралады.

СНХ: ОКСАНА КОСОБОКОВА, БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: iKOMEK-тің басты міндеті тұрғынның өз мәселесі туралы хабарлауын және қажетті көмек алуын барынша жеңілдету. Біз тек қоңырауларды қабылдап, ақпаратты жауапты қызметтерге беріп қана қоймаймыз. Өтініштердің орындалуын да бақылауда ұстаймыз. Яғни, оның уақытылы қаралып, тиісті шаралардың қабылдануын қадағалаймыз. Сонымен қатар, біз «Таза Қазақстан» сервисімен де жұмыс істейміз. Ол арқылы тұрғындар экология, абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өтініштерін жолдай алады. Бүгінде Ақмола облысы бойынша «Таза Қазақстан» арқылы 513 өтініш тіркелген. Оның 424-і орындалды.

РКС: Бүгінде қаладағы жағдай туралы ақпарат тұрғындардың өздерінен ғана алынбайды. Қосымша ақпарат көзі, әуеден жүргізілетін мониторинг. Өңірде бұл міндетті дрондар орындайды.

СНХ: СӘУЛЕ СЕМБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫ БАС МАМАНЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Былтыр бізде ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл «Қазақтелеком» акционерлік қоғамменмен бірлескен «Дрондардың бірыңғай инфрақұрылымы» жобасы. Биыл бұл жобаның ауқымын кеңейтті. Қазір 22 ұшу аппараты бар. Оның 21-і стационарлық дрон, ал біреуі мобильді кешен. Дрондарды пайдаланудың негізгі мақсаты, ең алдымен экологиялық мониторинг жүргізу, яғни облыстағы экологиялық жағдайды бақылау.

РКС: Мамандардың айтуынша, заманауи құралдарды пайдалануда қауіпсіздікке ерекше мән берген жөн. Онлайн-сервистер мен басқа да цифрлық мүмкіндіктерді пайдалану кезінде тұрғындарға жеке деректерінің құпиялылығын сақтауға кеңес беріледі. Өтінім жолдау үшін мекенжайды, қаланы және мәселенің мәнін көрсету жеткілікті.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ. 


Бөлісу