Негізгі Жаңалықтар Аймақта зорлық-зомбылыққа қарсы автошеру өтті

Аймақта зорлық-зомбылыққа қарсы автошеру өтті


ДИКТОР: Ақмола облысында өткен профилактикалық автошеруге 20-дан астам көлік қатысты. Акцияны полиция қызметкерлері жергілікті автоклуб мүшелерімен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі тақырыбы – отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасы қауіпсіздігіне қатысты қоғамдық жауапкершілікті арттыру.

ИНТЕРШУМ:  

РКС: Көліктер легі шаhардағы Жағалау көшесімен жүріп өтті. Жол бойы жүргізушілерге полиция қызметкерлері ілесіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Акцияға қатысушылар ақмолалықтарды зорлық-зомбылық мәселесіне бейжай қарамай, оның алдын алуға атсалысуға шақырады.

СНХ: МІНУАРА ЖОЛМАҒАНБЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ОТБАСЫ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚПЕН КҮРЕС БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Бүгін біз қауіпсіздік коды 102,150,111 Республикалық акциясының бастауын береміз. Акцияның басты мақсаты қоғамның назарын отбасы қауіпсіздігіне әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне аудару сондай ақ әрбір азаматқа зорлық зомбылықтың ешқашан қалыпты құбылыс бола алмайтынын еске салу. 

РКС: Қажет болған жағдайда көмекке жүгінуге болады. Полицияның жедел желісі – 102, отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бойынша – 111, ал балалар мен жастарға арналған ұлттық сенім телефоны – 150. Ұйымдастырушылар зорлық-зомбылықты үнсіз қалдырмай, дер кезінде көмек сұраудың маңызды екенін еске салады.

СНХ: ЭРИКА ШАКЕЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ОТБАСЫ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚПЕН КҮРЕС БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ: Бүгінгі акцияға автоклуб мүшелері мен облыс тұрғындары да қосылып отыр. Біздің мақсатымыз – қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға адамдарды тарту. Себебі қауіпсіздік әр адамның өз жауапкершілігінен басталады. Өзара құрмет пен қолдауға негізделген қоғам ғана берік болады.

РКС: Полиция қызметкерлері мұндай акциялар арқылы қолдауға мұқтаж тұрғындардың жедел желілер туралы көбірек ақпарат алғанын қалайды. Профилактикалық шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Ұйымдастырушылар өзге де автоклубтар мен қоғамдық бірлестіктерді зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған ортақ іске белсенді атсалысуға шақырады.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу