Негізгі Жаңалықтар Құтқарушыларға арналған жаңа өрт жолағы ашылды

Құтқарушыларға арналған жаңа өрт жолағы ашылды


ДИКТОР: Егіндікөл ауылындағы №25 өрт сөндіру бөлімшесінің аумағында жаңа кедергілер жолағы ашылды. Шараға аудан басшысы Юрий Курушин, басқарма қызметкерлері мен өрт сөндіру қызметінің ардагерлері қатысты. Жаңа нысан құтқарушылардың дене шынықтыру және кәсіби даярлығын жетілдіруге арналған қосымша алаң. Мұнда қызметкерлер нақты жағдайларға барынша жақын ортада қызметтік міндеттерді орындау кезінде қажет дағдыларын шыңдай алады. Өрт сөндірушілер үшін мұндай дайындықтың практикалық маңызы зор. Себебі төтенше жағдайлар кезінде жұмыстың тиімділігі қызметкерлердің дайындық деңгейіне тікелей байланысты. Жаңа кедергілер жолағын жеке құрамның тұрақты жаттығулары үшін пайдалану жоспарланып отыр.

СНХ: МАҚСАТ АМАЛБЕКОВ, ЕГІНДІКӨЛ АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ №25 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ: Бүгін Егіндікөл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің №25 екінші өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші құтқарушы жолағының ашылуы өтті. Бұл өрт сөндіруші-құтқарушылардың кәсіби даярлығын арттыруға арналған маңызды нысан. Өрт сөндіруші-құтқарушы жолағы жеке құрамның тұрақты жаттығу алаңына айналған. Міндетіміз адамдардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға өз үлесін қосамыз деп сенемін.


Бөлісу