Автобустағы мобильді кешен 2 мыңнан астам жол жүру ережесінің бұзылғанын анықтады
ДИКТОР: Белгіленген бағыт бойынша жүретін кәдімгі автобусқа орнатылған автоматты тіркеу мобильді кешені Көкшетау қаласында 2 мыңнан астам жол жүру ережесінің бұзылғанын анықтады. Ондағы бейнекамера автобус қозғалысы кезінде іске қосылады және жалпы бағыт бойынша жолдағы жағдайды бақылайды. «Ekin X Spotter» кешені сәуір айында «Көкшетау автобус паркі» серіктестігіне қарасты автобустардың біріне орнатылды. Қоғамдық көлік кесте бойынша жүрген сәтінде бейнекамера тікелей жолдағы жүру ережесінің бұзылғанын тіркейді. Жүйе жылдамдықты шамадан тыс арттырғандарды, жол қиылысындағы ережені бұзғандарды, көлік тізгіндеп келе жатып ұялы телефонды пайдалану және басқа да құқық бұзушылықтарды анықтайды. Жыл басынан бері аймақтағы автоматтандырылған кешендер 200 мыңнан астам ереженің бұзылғанын тіркеді. Қазір Ақмола облысының жолдарында осындай 147 кешен жұмыс істеп тұр. Оның 126-сы – стационарлық, ал 21-і – жылжымалы.
СНХ: АЛЬМИРА РАХМАТУЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ: Мобильді кешен маршруттық автобуста орнатылған, өйткені ол қалалық маршрут бойынша үнемі жүреді және жол жағдайын тікелей көлік ағынында бақылауға мүмкіндік береді. Стационарлық камералардан айырмашылығы, бұл формат бір жерге байланысты емес және жолдың әртүрлі бөліктерінде бұзушылықтарды тіркеуге мүмкіндік береді. Болашақта мұндай мобильді кешендерді тиісті қаржыландыру болған жағдайда басқа маршруттық автобустарға орнату жоспарлануда. Жол қозғалысы қауіпсіздігі және азаматтардың өмірін сақтау мақсатында орнатылады. Себебі жол-көлік оқиғаларының бірінші себебі-жылдамдық режимінен асып кету.