Таза Қазақстан: 220 адам тазалық жұмыстарына қатысты
ДИКТОР: Егіндікөл ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Тазалық жұмыстарына 250-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік қызметшілер, волонтерлер мен аудан тұрғындары бар. Акцияға қатысушылар қоғамдық орындар мен оған іргелес аумақтарды қоқыстан тазартты. Нәтижесінде 350 қап қоқыс жиналды. Экологиялық акция барысында аумақты көгалдандыру жұмыстары да жүргізілді. Белсенділер 35 сәндік өсімдік пен 35 ағаш көшетін отырғызды. Мұндай бастамалар елдімекеннің тазалығын сақтап қана қоймай, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырады. Көпшілікті ортақ іске жұмылдырып, аудан тұрғындарының бірлігін нығайтуға ықпал етеді.