Тазалықты ту еткен тұрғындар
ДИКТОР: Ел көлемінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында республикалық сенбілікке Көкшетау қаласының тұрғындары да белсене атсалысты. Мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері мен қала тұрғындары бірлесіп, аулалар мен көшелерді қоқыстан тазалап, қоршаған ортаны абаттандыру жұмыстарына үлес қосты. Тазалықты ту еткен акция барысында шаһардың көркі ажарланып, тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығы тағы бір мәрте көрініс тапты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жұртшылық аулалар мен көшелерді тазалап, жиналған қоқысты арнайы орындарға шығарды. Қатысушылар мұндай шаралар қоршаған ортаны таза ұстауға ғана емес, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ықпал ететінін айтады.
СНХ: КЕНЖЕБЕК МҰҚЫШЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Сенбілік деген үлкен мереке. Қуана-қуана шығамыз. Өйткені Көкшенің табиғаты сәйкес келіп тұрғанда, ауа райы сәйкес келіп тұрғанда неге шықпасқа? Жалпы қаламыз таза болуы керек. Көкшеге келетін қонақтарымыз көп. Сондықтан, әрқашан қаламызды мақтап жүреді таза қала деп. Сондықтан біз сенбілікке шығып, ұжым болып қаланың бір жақ бөлігін тазалап жатырмыз.
РКС: Игі іске жастар да белсене араласты. Олар өздеріне бекітілген аумақтарды қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Қатысушылардың ортақ мақсаты қаланың тазалығы мен көркін сақтап, туған жерге деген жауапкершілікті арттыру.
СНХ: ДИНАРА ЕСІМТАЕВА, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ: Қаланың тазалығы әр азаматтың міндеті. Осындай акциялар жиі өткізілсе деп тілейміз.
РКС: Бейбітшілік шағын ауданының тұрғындары да игі бастамадан шет қалмай, сенбілікке жұмыла кірісті. Жастар мен ақ жаулықты апа-әжелер бірлесе еңбек етіп, аумақты қоқыстан тазалады. Соның бірі жасы 70-тен асқан Айсұлу Сейдалина. Бүгінде 15 немере мен 2 шөберенің сүйікті әжесі.
СНХ: АЙСҰЛУ СЕЙДАЛИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бүгін жастармен қосылып, үлесімізді қосайық деп. ауданымыз таза болсын. Әлі де істелмеген жұмыстар көп қой ауданда. Алла жазса бізде шығысып көмектесеміз.
РКС: «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар мұнымен тоқтамайды. Тазалықты сақтау – бір күндік науқан емес, әр тұрғынның күнделікті міндеті. Көкшетаулықтар шаһар тазалығын сақтауға алдағы уақытта да өз үлестерін қоса бермек.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ