4 аудан «Ахмет жолымен: ана тілім - ардағым» атты тілдік онкүндікке қатысты
ДИКТОР: Төрт ауданның өкілін Егіндікөл ауданындағы лингвистикалық викторина біріктірді. Қонақтар зияткерлік ойындарға қатысып, қазақ тілін білу дағдыларын көрсетті. Үздіктер алғыс хаттармен марапатталды. Онда Қазақстан халқының тілдері күніне арналған іс-шаралар топтамасының жабылу салтанаты болды.
РКС: Егіндікөл ауданына іс шараға қатысу үшін Қорғалжын, Астрахан және Бурабай аудандарының өкілдері арнайы келді. Шараға барлығы 150 адам қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты міндет аудандар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ тілдік әралуандықты қолдау және насихаттау.
СНХ: СЫМБАТ ЗЕКЕНОВА, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНДЫҚ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Бүгінгі тілдер онкүндігінің салтанатты жабылуы біз үшін үлкен мақтаныш әрі ортақ жетістік. Бұл іс шара Қорғалжын, Егіндікөл, Астрахан аудандары тілдерді оқыту орталықтарының ұйымдастыруымен өткізіліп жатыр. Басты мақсатымыз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп қана қоймай, ауданаралық ынтымақтастықты нығайту болатын. Осындай іс-шарамыздың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барша әріптестеріме алғыс білдіремін.
РКС: Қатысушылар «Алтын қақпа» зияткерлік ойыны бойынша өз білімдерін сынады. Сұрақтар Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен тілдік мұрасын қамтыды. Ең белсенділері Егіндікөл ауданы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Кездесу концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Төрт ауданнан жиналған өнерпаздар көрермендерге шағын концерт қойып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
ШУМ:
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.