Негізгі Жаңалықтар Кәсіпкерлерге арналған ашық есік күні

Кәсіпкерлерге арналған ашық есік күні


ДИКТОР: Көкшетауда облыс кәсіпкерлеріне арналған «Ашық есік» күні өтті. Іс-шараны «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ұйымдастырды. Шараға келгендер мемлекеттік қолдау тетіктері, қаржыландыру шарттары және бизнесті дамытудың қолданыстағы бағдарламалары туралы ақпарат алды. Айта кетейік, бұл шара 200-ден астам кәсіпкердің басын қосты.


РКС: Кәсіпкерлер несиелеу шарттары, субсидиялар, кепілдік құралдары, жаңа және қолданыстағы жобаларды қаржыландыру нұсқаларын талқылау үшін әр түрлі ұйымдарға бармай-ақ осы жерде бірден бірнеше маманнан кеңес алды.

СНХ: ӘСЕТ БАЙЖОЛОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Бұл іс-шарадан мен көп нәрсе үйрендім. Ең алдымен, мен онлайн оқытудың бар екенін білдім. Арнайы іздеу сауалдарын енгізген кезде, жүйе сол мазмұнға негізделген нұсқаулықты ұсынады. Тағы бір маңызды тұсы – мұнда екінші деңгейлі банктер мен басқа да бизнес өкілдерінің барлығы бір жерге жиналған. Бұл ең алдымен бағдарламалар мен қызмет көрсету топтамаларға қатысты кеңесті сол жердің өзінде алуға мүмкіндік береді. Қала бойынша ешқайда жүріп-тұрудың қажеті жоқ, олардың барлығы осында және қажетті нақты ақпаратты ұсынады. Меніңше, мұндай іс-шаралар жиірек өткізілуі тиіс.

РКС: Соңғы кездері «бір терезе» қағидаты бойынша өткізілетін іс-шаралар кеңінен танымал бола бастады. Қолдау бағдарламалары туралы білгеннен кейін қатысушылар өздерін толғандырған нақты мәселелер бойынша жеке кеңестер алды.

СНХ: ӘЛИЯ РАҚЫМБЕКОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Осы жолы бірнеше банк өкілінен кеңес алдым. Бұл маған Көкшетаудағы, сондай-ақ жалпы өңірдегі бизнестің қаншалықты деңгейде қолдауға сүйене алатынын түсінуіме себепкер болды. Өкінішке қарай, әлеуметтік кәсіпкерлік әлі де тиісті деңгейде қолдау таппай отыр. Басты назар дәстүрлі бизнеске аударылған. Дегенмен, болашақта бұл жағдай теңеседі деген үміттенемін.

РСК: «Даму» қоры кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған құралдардың кең ауқымын ұсынады. Шағын бизнес өкілдері «Іскер аймақ» бағдарламасына қызығушылық танытты. Жақында қаржыландыруға жататын қызмет түрлерінің тізімі кеңейтілді. Жалпы алғанда, ұйымдастырушылар бизнес қауымдастығы тарапынан жоғары қызығушылық байқалып отырғанын айтады.

СНХ: САЙЫН МҰСАЕВ, «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ АЙМАҚТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі іс шара негізгі қордың бағдарламалары мен құралдарын қарапайым тілмен, қарапайым халыққа түсіндіруге арналған. Жалпы бүгінгі күнде бұл шараға 270 кәсіпкер қатысып отыр. Біз бұл шара бойынша жаңа рекорд орнаттық.  

РКС: Ұйымдастырушылар кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратты тікелей және бір жерден алуы үшін алдағы уақытта да осындай кездесулер өткізуді жалғастырмақ. Қатысушылар үшін бұл қаржыландырудың қолайлы құралдарын табуға және бизнесті одан әрі дамытуға қатысты кеңес алуға зор мүмкіндік.

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу