Негізгі Жаңалықтар Кітап оқу – ұлттың рухани негізі

Кітап оқу – ұлттың рухани негізі


ДИКТОР: «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясындағы кездесу Көкшетауда өтті. Қатысушылар ашық аспан астында жиналып, сүйікті шығармаларымен бөлісіп, кітап оқудың маңыздылығын талқылады. Айта кетерлігі, қатысушылар арасында жастар мен студенттер көп болды. Ұйымдастырушылар кітап топтамаларын, поэзия алаңын және шығармашылық мүмкіндіктерді дайындады. 

РКС: «Кітап оқитын ұлт» жобасы - республикалық кітап оқу марафоны. Көптеген студенттер үшін бұл бастамаға қатысу бұрын назардан тыс қалған шығармаларды көбірек оқу және танысу мүмкіндігі. Тізімде қазақ әдебиеті де, әлемдік бестселлерлер де бар. Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары педагогика колледжінің студенті Аслан Көміш үшін кітап күнделікті әдетке айналған. 

СНХ: АСЛАН КӨМІШ, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКА КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Қазіргі таңда 25-ке жуық кітап оқыдым. Мен мектеп кезінен бері кітап оқитынмын, қазір колледж барысында кітапханада белгілі бір жұмыстармен кітаптар оқып жатырмыз, танысып жатырмыз. Оның бірі Федор Достоевский, Лев Толстой, Николас Спаркс. Яғни тек қана қазақ кітап жазушыларымен ғана таныспаймыз, өзге ұлт елдерінің кітап, поэзияларымен танысамыз. Қыркүйек айынан бастап мен екі кітаппен ғана таныстым. Өйткені мен бірінші курс студентімін. Қазіргі кезде адаптация жүріп жатыр. Болашақта осы қыркүйек айының соңына дейін төрт-бес кітаппен толықтырамын деген ойлаймын. 

РКС: Алдағы жарты жылда марафонға қатысушылар 15 кітап оқуы тиіс. Кез келген адам өз ілгерілеуін арнайы платформада бақылай алады. Әдебиеттер тізімі жоба сайтында қолжетімді.

СНХ: ЖАНАР ЖҮНІСОВА, «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ ӨҢІРЛІК ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Енді бағыттарға тоқталатын болсақ, бұл жерде кітап оқитын мектеп, кітап оқитын педагог, кітап оқитын колледж, кітап оқитын университет, кітап оқитын мемлекеттік қызметші және кітап оқитын әулет бар. Әр бағыттың өзінің бір 15 кітабы бар тізім бойынша. Ол үшін арнайы техникалық сайт бізде жұмыс жасады. Ол бірінші қыркүйектен бастап жұмыс жасап жатыр. Сол сайтқа алдымен өз бағытын таңдап әр қатысушы тіркеледі, өз кітаптарын таңдап алады.

РКС: Көкшетау қалалық ақпараттық-кітапханалар жүйесі мамандарының айтуынша бүгінде жастардың кітапқа қызығушылығы жоғары және осындай бастамаларға белсенді қатысуға дайын.

СНХ: СЕРІК ЖЕТПІСҚАЛИЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі жастар да барынша сауатты, жанжақтарына қарап жүреді, ақпараттармен қамтылған. Сондықтан президент қойып жатқан талаптарына, еліміздегі саяси бастамалардан олар да хабардар деп ойлаймын. Сондықтан, әрине, жастар, студенттер бәрі де осыған ат салысады. Бүгін кешке ғана бізде «Темірқазық» деген жастар клубы бар, сол жастар жиналып, дәл осы мәселе туралы талқылап, ойларын ортаға салып, алайда жұмысты жүргіземіз деп ойлаймын. 

РКС: Әдеби кездесу шығармашылық ойындармен, өлең оқумен және әртістердің өнерлерімен жалғасын тапты. Ең бастысы – кешке қатысушылар жаңа кітап оқуға деген ниетпен тарқасты. Ұйымдастырушылар оқу жастардың күнделікті өмірінің бір бөлігі болуы үшін осындай кездесулерді одан әрі өткізуді жоспарлап отыр.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.


Бөлісу