Негізгі Жаңалықтар Мемлекеттік қызметтегі әдеп - кәсіби мәдениеттің айнасы

Мемлекеттік қызметтегі әдеп - кәсіби мәдениеттің айнасы


ДИКТОР: Облыста мемлекеттік органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне арналған семинар өтті. Басқосуда мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттарын сақтау, адам ресурстарын тиімді басқару және ұжымдағы өзара үйлесімді байланысты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Себебі, мемлекеттік қызметшінің кәсіби білімімен қатар, мінез-құлқы, қарым-қатынас мәдениеті мен әдеп нормаларын ұстануы айрықша мәнге ие. Семинарда осы бағыттағы өзекті мәселелер сараланып, талқыланды.

РКС: Мемлекеттік қызметтегі әдеп - кәсіби мәдениеттің маңызды бөлігі. Қызметтік тәртіпті сақтау, азаматтардың арыз-шағымдары мен пікірлеріне құрметпен қарау, әріптестермен өзара түсіністік пен ізеттілікті сақтау, сондай-ақ, қызметтік әдептілік пен жауапкершілікті ұстану негізгі қағидалары. Сондықтан бұл әдеп нормаларының сақталуы мен қызметте ұстануда әдеп жөніндегі уәкілдерінің ролі зор.

СНХ: АЙНАГҮЛ ЖАНӘДІЛОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ: Әдеп жөніндегі уәкілдің басты міндетінің бірі қалыптасқан жағдайдың одан әрі шиеленісіп, жанжалға немесе қандай да бір заң бұзушылыққа ұласуына жол бермеу. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды тұрақты түрде бағалау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілдер анонимді сауалнамалар жүргізіп отырады. Оның нәтижелері ұжымдағы ахуалды бағалауға, қызметшілерді алаңдататын мәселелерді анықтауға және қажет болған жағдайда тиісті алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметшілер үшін қолайлы жұмыс ортасын қалыптастырып, ұжымдағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға ықпал етеді.

РКС: Бүгінде Ақмола облысының әр ауданында әдеп жөніндегі уәкілдер қызмет атқарады. Олардың қатарында аудандық және қалалық әкімдіктерде еңбек ететін, мемлекеттік қызметтің қыр-сырын жақсы білетін тәжірибелі мамандар бар. Десе де мамандар білімдерін шыңдап, тәжірибе жинақтауда.

СНХ: ЭЛЬМИРА ӘДІЛОВА, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ҚҰҚЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Әдеп өкілдерінің қандай болу керек? Және оның ұжымдағы орны қандай болу керек екендігін осы семинарда нақтылап, түсіндіріп берді. Бұл жағдайда әдеп өкілі көп ұжымда мемлекеттік қызметкерлер оларды жазалаушы ретінде көреді. сондықтан осы семинарда біз, жаңағы өзіміздің қатарымыздағы мемлекеттік қызметкерлерге біздің кім екендігімізді, өкіл ретінде қандай көмек бере алатынымызды нақтылап көрсетіп үйретті. Енді алған білімізді өзімізді ұжымызға жақсылап түсіндіріп, мемлекеттік қызметкерлер адалдық пен жауапкершілігі көтеріледі деп ойлаймын. 

РКС: Семинар барысында әдеп жөніндегі уәкілдердің басты мақсаты тек жұмыс барысында ғана емес, одан тыс уақытта да әдеп нормаларын сақтаудың мағыздылығы да айтылды. Сонымен қатар, қатысушылар практикалық мысалдарды талдап, өзара тәжірибе алмасты. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер мемлекеттік қызметтегі кәсіби этика мен тиімді коммуникацияны дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу