Көшпелі театр өз қойылымын ұсынды
ДИКТОР: Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры жазушы Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» спектаклін Красный Яр ауылының тұрғындарына жергілікті «Көкше» мәдениет үйінің сахнасында ұсынды. Бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселе жақындарға деген мейірім мен уақытында берілмеген хабар-ошардың, өтелмей қалған перзенттік борыштың салмағын саралаған қойылым көпшіліктің көңілін толқытып, ой салды.
ИНТЕРШУМ:
РСК: «Өтелмеген парыз» – көрнекті қазақ жазушысы, драматург Төлен Әбдіктің «Ер Сейіт пен қыз Бәтес» прозалық шығармасының желісімен сахналанған терең мағыналы драмалық қойылым. Бұл туынды театр сахналарында үлкен сұранысқа ие және көрерменге рухани құндылықтар, ұрпақтар сабақтастығы мен перзенттік парыз мәселесін паш етеді.
СНХ: МАРЖАН БӨКЕШОВА, Ш. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТРИСАСЫ: Басты кейіпкердің баласының қаза болғаннан кейінгі немересін іздеу процесі сахналанады. Әкенің проблемасы, әкенің трагедиясы. Бұл тәрбиелік мәні бар шығарма. Ұлдарды қалай тәрбиелеу керек, жауапкершілікті қалай ала білу керектігі туралы. Жастарға жауапкершілік жағынан үндеу тастайтын терең шығарма деп есептеймін 01.10 //
СНХ: АЗАТ ҚАЙЫРЖАН, Ш. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ: Болат деген роль алғашқы рольдерімнің бірі. Өте керемет роль десем де болады. Бұл рольдің берер ойы жастарға жасаған істері үшін бұл өмірде өздеріңіз жауап бересіздер. Әрбір жасаған әрекеттеріңіз үшін жауап беру керексіздер. Ертең сіздің жасаған кінәңіз үшін әкелеріңіз, достарыңыз, бауырларыңыз зардап шегуі мүмкін.
РКС: Бұл шығарма Қазақстанның бірнеше ірі аймақтық театрларының репертуарынан берік орын алған. Қойылымның сәтті нұсқаларының бірін екі ұлттың өнеріне ортақ талантты қырғыз режиссері Баатырбек Шамбетов сахналаған. Спектакльді тамашалаған аға буын өкілдері ой бөлісті.
СНХ: ГҮЛБАРАМ ҚАЗЖАНОВА, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осының бәрі жанұяның тәрбиесіне байланысты.Баланы қалай тәрбиеледің. Ата-анаға қалай қарайды. Баланың таза болғаны, рухани тазалық бергені, бәрінен де айтатыным, рухани тазалық, сол жағынан Алла тағала балаларға таупық берсін деймін.
СНХ: ЕРГЕБЕК ЖАНҰЗАҚҰЛЫ, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Әке-шешеңді арқалап Меккеге апарсаң да парызыңды өтей алмайсың дейді ғой. Шешенің тоғыз ай көтерген еңбегі, ақ сүті, әкенің күші деген бар, оны өтеу өте қиын ғой. Бірақ енді ата-ана баласына ризалығын білдіреді, осы уақытқа келдің, парызыңды өтедің деп жатады. Мен де өзімнің келін-балаларыма ризамын.
РКС: Қаладан жеткен суыт немесе күтпеген жаңалықтар өшкен үмітті қайта жаққандай болғанымен, қойылым барысында баланың ата-ана алдындағы, адамның туған жер мен ел алдындағы өтелмеген парызы, ішкі арпалысы мен үнсіз қиналатын рухани запыраны ашылады. Өксік пен өкініш, үміт пен күдік, арман мен мақсат араласа жүретін қойылымнан рухани ләззат алып тарқасқан жергілікті көрермен алдағы уақытта да көшпелі театрдың жиі келіп тұруына тілектестігін білдірді.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ