«Отбасы-бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті
ДИКТОР: Бүгін «Отбасы-бақыт мекені» атты облыстық конференция өтті. Онда ақсақалдар өнегесі, әженің мектебі, әкенің бала тәрбиесіндегі орны, аналардың отбасы мен қоғамдағы ролі жайлы баяндамалар тыңдалып, отбасыларға арналған байқау жеңімпаздары марапатталды.
РКС: Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылының тұрғындары Баянбай Мәлікұлының отбасы «Алтын шаңырақ» аталымының жеңімпаздары. Отбасында ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрді берік ұстанған ерлі-зайыптылардың шаңырақ көтергендеріне 50 жыл. Ал, Шортанды ауданынан келген Өмірдос Махшанайдың отбасы «Күміс кереге» байқауының жеңімпаздары. Көпбалалы отбасы бүгінгі конференцияға арнайы шақырылды. Яғни, шаңырақ көтергендеріне 20, 25 және 50 жыл болған жанұялар да төрден орын алды.
СНХ: БАЯНБАЙ МӘЛІК, МИНА ӘБДІКЕР, ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ (ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ): Отбасында әкеден, бабадан жалғасқан салт-дәстүрлерімізді айтып отырамыз, жақсы болыңдар, тәртіпті болыңдар., ала жіп аттамаңдар, үлкендерді көрсеңдер сыйлаңдар, үлкенге алдымен сәлем беріңдер, соны айтып отырамыз. Үш отбасы бір үйде сыйысып, сыйласып, бір бірімізді сыйлап, тоғыз жан өсіп жатырмыз. Келіндерім жақсы, өзім тәрбиелеп отырамын. Қысқа өмір берекелі, ұқыпты, табысты болыңдар ел жұртқа сыйлы болыңдар деймін.
СНХ: ӨМІРДОС МАҚШАНАЙ, МЕЙІРГҮЛ ПАЙДАЛЫ, БОЗАЙҒЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ (ШОРТАНДЫ АУДАНЫ): Бала-шағаның тәрбиесіне жақсы қараймыз, балаларды спортқа баулимыз. Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, ұлттық тағамдарды алға алып жүреміз. Өзіміз күміс алқалы, көп балалы отбасымыз, көптеген сайыстарға қатысамыз отбасымызбен, көптеген жүлделі орындардың иегеріміз. Отбасы құрғанымызға 24 жылдай болды. Біз балаларымызға бақытты болуға, салт дәстүрді ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруға тәрбиелеміз.
РКС: Татьяна Демещенко туғаннан денсаулығында кінәраты бар ұлы Владимирді жігерлі, әрі намысты етіп тарбиелеген. Ол парапауэрлифтингпен айналысып, талай додаларда топ жарған. Бүгінгі конференцияға ерекше баланы тәрбиелеген ана ретінде шақырылды. Оған қатысушыларды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова және Аналар кеңесінің төрайымы Айнұр Жахиналар құттықтап, түрлі байқауда жеңімпаз атанып жүрген үлгілі отбастарына сыйлықтар табыс етті.
СНХ: ТАТЬЯНА ДЕМЕЩЕНКО, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ұлым менен маған арналған неге спорт түрлері жоқ деп жиі сұрайтын, ауылдан қалаға көшкеннен кейін ол паражүзуге барды, сол жерде табысқа жете бастады. Ең бастысы осындай ерекше балалар ескерусіз қалмаса екен.
СНХ ВЛАДИМИР ДЕМЕЩЕНКО, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ата-аналар қашанда қолдау көрсетеді ғой. Менің бастамаларыма әкем мен анам үнемі дұрыс қарайды. Қиын сәттерде қол ұшын береді.
РКС: Конференция барысында ақсақалдар кеңесінің, әжелер клубының, Аналар кеңесінің мүшелері мен мектеп басшылары сөз алып, отбасы құндылығы, өзара сыйластық, бауырмалдық, құрмет пен ізет жайында айтты.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ