Жергілікті әскери басқару органдарының құрылғанына - 35 жыл
ДИКТОР: 12 қыркүйек Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жүйесіндегі кәсіби мерекенің бірі – Жергілікті әскери басқару органдарының күні. Бұл дата жергілікті әскери басқару органдары қызметкерлерінің ел қорғанысын қамтамасыз етудегі еңбегін айшықтайды. Атаулы күнге орай шаһарда салтанатты шара ұйымдастырылды. Шара барысында бір топ әскери қызметкер Алғыс хаттармен марапатталды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жас буынды Отан қорғауға даярлау – жергілікті әскери басқару органдары қызметінің маңызды бағытының бірі. Мамандар мектептер мен колледждерде әскери қызметті насихаттайды. Сонымен қатар әскери есеп жүргізу, азаматтарды әскерге шақыру және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету секілді міндеттерді атқарады.
СНХ: ЕРБОЛАТ ӨТЕПОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Облыс аумағында 15 жергілікті әскери басқару органы мен қорғаныс істері жөніндегі бөлім бар. Жергілікті әскери басқару органдарының негізгі міндеттеріне жұмылдырылу ресурстарды айқындау және есепке алу, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру, келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау, запастағы офицерлерді шақыру.
РКС: Жергілікті әскери басқару органдарының қызметі жастармен жұмысты да қамтиды. Өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беріп, әскери мамандықтарға қызығушылығын арттыруға басымдық беріледі.
СНХ: БАУЫРЖАН ЕСБОЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ ЗАҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Биыл жергілікті әскери басқару органдарының құрылғанына 35 жыл толды. Бұл Қорғаныс министрлігінің жергілікті өкілетті құрылымы. Негізгі міндеттерінің бірі жұмылдыру жұмыстарын ұйымдастыру. Сонымен қатар жастармен де жұмыс істейміз. Қалада көптеген әскери-патриоттық клуб бар. Барлық мектептерде алғашқы әскери дайындық сабақтары жүргізіледі. Бұл бағыттағы жұмыстарды білім басқармасымен және жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп атқарамыз.
РКС: Жастарға әскери-патриоттық тәрбие берумен қатар, оларды әскери мамандықтарға бағыттау жұмыстары да жүргізіледі. Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижесі түрлі байқауларда көрініс тауып отыр.
СНХ: ЖАСЛАН ҚАЖКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІ КЕЛІСІМ-ШАРТ БОЙЫНША ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУ ТОБЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Бұл мәселеге Мемлекет басшысы да ерекше көңіл бөледі. Жалпы, жергілікті әскери басқару органдарына жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру міндеті жүктелген. Биыл «Айбын» халықаралық байқауын өткізу аясында облысымыз үшінші орынға ие болды. Бұл жергілікті әскери басқару органдары жүргізіп отырған әскери-патриоттық жұмыстың сапасын көрсетеді. Сонымен қатар кәсіби бағдар беру жұмыстарын да жүргіземіз. Оның мақсаты жастардың жоғары әскери оқу орындарында білім алуға қызығушылығын арттыру.
РКС: Мерекелік шарада үздіктер марапатталып, әскери қызметшілердің еңбегіне құрмет көрсетілді. Жиын шағын концерттік бағдарламамен жалғасты.
ИНТЕРШУМ:
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ