Негізгі Жаңалықтар Биыл өңірде 400 шақырым жол жөнделеді

Биыл өңірде 400 шақырым жол жөнделеді


ДИКТОР: Красный Яр мен Садовое ауылдарын байланыстыратын жолды жөндеу аяқталуға жақын. Биыл «Көкшетау—Васильковка—Рузаевка» бағыты бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл жол учаскесі Ақмола облысының жол инфрақұрылымын жаңғырту аясында жүзеге асырылуда. Биыл өңірде 400 шақырым автомобиль жолын жөндеу жоспарланған.

РКС: Бүгінде бұл учаскеде 50-ге жуық адам және 20 техника жұмыс істеп жатыр. Асфальт төсеу жұмыстарын осы аптада аяқтау жоспарланған. Жол жиектерін нығайту жұмыстары айдың соңына дейін жалғасады.

СНХ: ЖҰМАБЕК ҚАЙРОЛЛА, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Облыс әкімі Марат Мұратұлының тапсырмасымен Көкшетау – Рузаевка, Васильковка – Көкшетау – Петропавл облыстық маңызы бар автомобиль жолында орташа жөндеу жүргізілуде. Бүгінгі таңда Садовое мен Красный Яр, Умышев көшесінің ортасында асфальтбетон төсеу жұмыстары жүргізілуде.

РКС: Биыл жолдарды жөндеуге 72 миллиард теңге бөлінді. Жұмыстардың едәуір бөлігі жергілікті маңызы бар жол учаскелерде, сондай-ақ жылдар бойы жөнделмеген трассаларда жүргізілуде.

СНХ: МИХАИЛ ЩЕТИНИН, «КОКШЕТАУ ЖОЛДАРЫ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ: Шұңқыр пайда болып, шөгіп кеткен учаскелерді қалпына келтіру, жол негізін ресайклинг жасау және асфальтбетон жабынын екі қабат етіп төсеу жұмыстары жүргізілді. Қазір қалыңдығы 5 сантиметр болатын ұсақ түйіршікті асфальтбетон қоспасынан жоғарғы қабатына төсеу жұмыстары атқарылуда. Жұмыстар белгіленген мерзімге сәйкес атқарылып жатыр.

РКС: Биыл облыс аумағындағы өзге де маңызды жолдар күрделі жөнделіп жатыр. Атап айтқанда, Есіл, Жақсы және Ерейментау аудандарындағы жол учаскелері қамтылды. Жоспарланған 400 шақырымның 85 пайызы жаңартылды.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, НАИР ЗАХОВАЕВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу