Негізгі Жаңалықтар Электр желілері жаңғыртылып, инвестициялық жобалар жүзеге асуда

Электр желілері жаңғыртылып, инвестициялық жобалар жүзеге асуда


ДИКТОР: Былтыр «Көкшетау Энерго» серіктестігінің желілері арқылы 1 миллиард 722 миллион киловатт-сағат электр энергиясы беріліп, жоспар 40 пайызға артығымен орындалды. Негізгі қызметтен түскен кіріс 25,7 миллиард теңгеге жетіп, серіктестік 2 миллиард теңгеден астам пайда тапқан. Бұдан бөлек, кәсіпорын тозығы жеткен қосалқы станциялар мен электр желілерін жаңартуда және осы мақсатта 2026-2030 жылдарға жалпы құны 24,6 миллиард теңгенің инвестициялық бағдарламасы да бекітілді. 

РКС: Жұмыс тиімділігінің маңызды көрсеткішінің бірі нақты техникалық шығындарды төмендету. Нәтижесінде серіктестік тұтынушыларға 927 млн. жуық кВт-қа жуық электр энергиясын жеткізді. Кәсіпорынның жалпы кірісі 38 млрд теңгеден асты. Алынған пайда серіктестіктің тұрақты қызметін қамтамасыз етуге бағытталуда. 

СНХ: ВАДИМ ПЫСТИН, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Материалдық қаражатқа жұмсалатын негізгі шығыстар материалдық шығындарды қамтиды. Оларға техникалық қызмет көрсетуге арналған материалдар, нормативтік қорларды сатып алу, жанар-жағармай материалдары, сондай-ақ шаруашылық қажеттіліктерге жұмсалатын электр энергиясының шығындары жатады. Аталған материалдық шығындардың көлемі 12 млрд 851 млн теңгені құрады, бұл бекітілген тарифтік сметада көзделген көрсеткіштен жоғары. Өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығындары 7 млрд 190 млн теңгеге жетті. Бұл бекітілген тарифтік смета көрсеткішінен 5 процентке артық. Амортизациялық аударымдар 1 млрд 253 млн теңгені құрап, бекітілген тарифтік сметаға қарағанда 48%-ға артық болды.

РКС: Инвестициялық жоба аясында электр желілері мен қосалқы станциялар да жаңартылып, автоматтандырылған жүйені енгізу жоспарланған. Кәсіпорын бұл жұмыстардың барлығы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы тұтынушыларды сенімді әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. 

СНХ:ИВАН ВОРВУЛЬ, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІ ОРТАЛЫҚ ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Қазір электрондық мемосхема әлдеқайда ыңғайлы. Мында электро желілері мен жабдықтарды көптеген параметрлер онлайн режимде көрсетіледі. Диспечер барлық өзгерістерді уақыт нақты режимде көріп, бақылап отыра алады.  

РКС: Бүгінде 17 трансформаторлық қосалқы станция жаңғыртылуда. Оның екеуінде жабдықтар заманауи жабдықтармен алмастырылса, 15-і қайта салынды. Сонымен қатар, Застанционный шағын ауданындағы бірнеше көшеде 16 шақырымнан астам әуе электр желісі ауыстырылды, оның 2 шақырымнан астамы инвестицялық бағдарлама бойынша.

СНХ: НҰРЛАН ЖҮНІСОВ, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАС ИНЖЕНЕРІ: Қазіргі таңда біз кернеулігі 110 да 16 квт жылу қосалқы станциясына келіп отырмыз. 2025 жылы инвестицциялық бағдарлама аясында 110 және 10 және 6 квт жағынан барлық электро жабдықтар ауыстырылған болатын. Соның бірі ажыратқыштар, айырғыштар. Таратушы құрылғылар. Осы жабдықтарға арналған релелік қорғаныстар жаңартылған болатын. 

РКС: Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, қолға алынған жаңғырту жұмыстары электр желілерінің сенімділігін арттырып қана қоймай, апатты жағдайлардың алдын алуға да мүмкіндік береді. Ал алдағы жылдары инвестициялық бағдарлама аясында желілер мен қосалқы станцияларды жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.  

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу