Заңсыз берілген жер телімдері мемлекетке қайтарылды
ДИКТОР: 70 милилон теңгеден астам сомаға бағаланған жер телімі мемлекетке қайтарылды. Көкшетау қаласының прокуратурасы 10 жер телімін ұсыну процесінде заңсыздықты анықтады. Заңды тұлғаға аумақ аукцион өткізілмей берілген. Жер телімінің жалпы аумағы 2,4 гектар. Оның бәрі коммерциялық мақсатқа жаратылуы тиіс еді. Десе де жер заңнамасының талаптары орындалмаған. Оны прокуратура анықтады. Қадағалау шараларының қорытындысы бойынша жер телімдері мемлекет есебіне қайтарылды. Бұдан бөлек Көкшетау қаласының прокуратурасы 126 миллион теңгеден астам қаржыны бюджетке қайтарды. Көкшетаулық құқық қорғау органының қызметкерлері көшелерді жарықпен қамту жобасы бағасының тым жоғары екенін анықтады. Құрал-жабдықтар бағасы негізсіз өсірілген. Келісім-шартта қуаттылығы 120 ватт бір жарықшамның бағасы 80 мың теңге деп көрсетілген. Ал оның нарықтағы құны 52 мың теңге шамасында. Тапсырыс беруші ешқандай экономикалық негіздеме бере алмаған. Салдарынан жоба құны 126 миллион теңгеге көтерілген. Қаражат мемлекет есебіне өндіріліп алынды.