Тілдер күні қарсаңында бір топ тіл жанашыры марапатталды
ДИКТОР: Қыркүйектің 5-і - Қазақстан халқы тілдері күні. Бұл күн Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай белгіленген. Биыл мемлекеттік тілдің мәртебесін айқындайтын «Тіл туралы» Заңның қабылданғанына 37 жыл. Мереке қарсаңында Көкшетауда ана тіліміздің абыройын арттырып, мерейін өсіріп жүрген бір топ азамат марапатталды. Олардың қатарында қарапайым еңбек адамдары мен тіл жанашырлары бар.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Салтанатты жиында тіл жанашырларына «Құрмет» грамотасы, Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хаты және облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Солардың бірі - Целиноград ауданынан келген кәсіпкер Алтынай Тәңірбергенова. Ол 10 жылдан бері киіз үй өндірісі арқылы ұлттық дәстүр мен қазақ тілін қатар насихаттап келеді.
СНХ: АЛТЫНАЙ ТӘҢІРБЕРГЕНОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР, «ҚАЗАҚ ТІЛІ БИЗНЕСТЕ» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ: Негізі біздің дәстүріміз, құндылығымыз қазір де көзі тірі, оны да қазір қолданып, мәдениетіміз басқа да отбасының, жастарға беретін+СКЛ+тәлім тәрбиесі мол. Оны ары қарай насихаттап, жаңғыртып, жаңа көзбен жастарға дұрыс түсіндіріп, ол бәрібір де қазақ тілі мен дәстүрі мен айналысқан соң сондай өзімізге мақсат қойдық.
РКС: Ал Қосшы қаласындағы №2 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мөлдір Тұрмамбетова қазақ тілін оқытуда жасанды интеллектіні тиімді пайдаланып жүр. Оның «Аманат» атты анимациялық жобасы «Зиялы ұрпақ» байқауында бас жүлдеге ие болған. Жас педагог облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
СНХ: МӨЛДІР ТҰРМАМБЕТОВА, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ №2 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Жоба қазақ тілін үйрету, насихаттау бағытында ұсынылған болатын. «Зиялы ұрпақ» жарысында 1-ші орынға, жүлделі орынға ие болған. Мультфильмнің атауы «Аманат» деп аталады. Яғни, тіл атадан балаға аманат деген идеяны негізге ала отырып, қойған болатынмын. Негізгі идея мненің оқушымнан туған болатын.
РКС: Жалпы соңғы жылдары өңірде қазақ тілін меңгеруге ниеттілер қатары артқан. Тілді үйренушілер арасында мемлекеттік қызметкерлермен қатар жеке кәсіп иелері мен түрлі сала мамандары да бар. Облыста тілдік мәдениетті дамыту мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған жобалар жүйелі жүзеге асырылып келеді. Тілдер күніне арналған онкүндік аясында аймақта 2 мыңнан астам мәдени-ағартушылық іс-шара өткізу жоспарланған.
СНХ: АЛТЫНАЙ ӘМІРЕНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қуантарлығы мемлекеттік тілді үйренетіндердің 40 пайызы өзге ұлт өкілдері. Бұл тілге деген қызығушылық және сұраныстың артуын көрсетеді. Қазіргі таңда елімізде жүргізіліп жатқан тіл саясаты бірлік пен татулыққа жетелейтін маңызды бағыт. Бүгінде көптеген азаматтар мемлекеттік тілді үйреніп қана қоймай, еркін меңгеріп, кәсіби деңгейде қолдануға ұмтылуда.
РКС: Мерекелік шара концерттік бағдарламамен түйінделді.
ИНТЕРШУМ:
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ