Ақмолалық диқандар 3 млн. тонна астық жинады
ДИКТОР: Ақмола облысында егін орағы қызған шақ. Диқандар қазір әр күнді тиімді пайдалануға тырысып жатыр. Өйткені піскен астықты уақыт оздырмай жинап, ысырапсыз қамбаға жеткізу маңызды. Бүгінде өңірде 2 млн гектардан астам алқап орылып, 3 млн. тоннаға жуық астық жиналды.
РКС: Бұланды ауданындағы бұл алқапта да жұмыс таң атпай басталады. Комбайндар бірінен соң бірі егінді орып, астықты бірден тасымалдаушы техникаға төгеді. Биыл шаруалар науқанды әдеттегіден ертерек бастаған.
СНХ: СЕРГЕЙ ЛАМОНОВ, МЕХАНИЗАТОР: Мен механизатор болып 25 жылдан бері жұмыс істеймін. Егіннің шығымы әр жылы әртүрлі болады. Күтіп баптауға да байланысты. Біз күзде дәнді сепкесін, жаз бойы химиялық өңдеуден өткізіп, қарап отырымыз. Астықтың биылғы шығымы жаман емес.
РКС: Мұндағы бидайдың шығымдылығы гектарына 25 центнерге дейін жетіп отыр. Ал шаруашылықтың өзі биыл 80 мың гектардан астам жерге дәнді және майлы дақыл еккен. Қазір шаруашылықта негізгі күш бидайға бағытталған.
СНХ: ҚУАНТАЙ СҰЛТАНОВ, СЕРІКТЕСТІКТІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Иә, биыл бізде жауын-шашын аз болды. Күннің қатты ыстығы егіннің өнімділігіне сәл әсер етсе де, қамырлығы жақсы. Қазір біз дәнді дақылдардың 63 пайызын, майлы дақылдардың 38 пайызын орып алдық. Күзгі жиын-терім науқанына 700-ге жуық адам жұмылдырылды.
РКС: Ал алқаптан жиналған астық көп кідірмей элеваторға жеткізіліп жатыр. Астық тасымалы мен қабылдау мекемелерінің жұмысы тәулік бойы ұйымдастырылған.
СНХ: АНАТОЛИЙ ДОРОНИН, АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУ МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Қазір тәулік бойы үш ауысымда жұмыс істеп жатырмыз. Әр қызметкер шамамен 8 сағат қызмет етеді. Біздің элеватордың қуаты 153 мың тонна. Қазіргі уақытта соның 40 пайызы толды. Алты бірдей астық кептіру қондырғысы жұмыс істеп тұр. Бірақ биылғы өнімнің ылғалдылығы 20 пайыз ғана. Құрғақ бидай келіп жатыр.
РКС: Биылғы өнімнің сапасы да жоғары,-дейді мамандар. Қазірдің өзінде қабылданған бидайдың 80 пайызының ақуызы мен қамырлығы жоғары. Яғни әлемдік нарықта сұранысқа ие Hi-Pro стандартына сәйкес келеді.
СНХ: РЕНАТ ҚАСЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биылғы жылы астықтың сапасы былтырғы жылмен салыстырғанда жоғары. Көрсеткіштерге келетін болсақ, қазіргі таңда облысымыздың 67 астық қабылдайтын элеваторлар бар. Соған 900 мың тонна егін түсті. Соның 500 мыңы бидай болып келеді. Сол бидайдың 80 пайызы жоғары көрсеткіш болып келеді.
РКС: Былтыр өңір диқандары 7,5 млн тонна астық жинап, рекорд жаңартқан еді. Биыл межені 8 млн. тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ