Негізгі Жаңалықтар Аудандық аурухананың педиатрия бөлімшесі жаңартылды

Аудандық аурухананың педиатрия бөлімшесі жаңартылды


ДИКТОР: Егіндікөл аудандық ауруханасында педиатриялық бөлімше жаңартылды. Биыл оған демеушілік көмек есебінен жөндеу жүргізілді. Жобаны жергілікті ауыл шаруашылығы тауарн өндірушілер қолдаған. Жөндеу жұмыстары 17 миллион теңгеге шықты. Инженерлік желілер мен электр сымдары жаңартылды. Бұдан бөлек, палаталар, санитарлық тораптар мен дәліздер жөндеуден өтті. Бөлімшеге түскен балғын сырқаттар үшін қолайлы әрі заманауи жағдайлар жасалған. Енді балаларға медициналық көмек жарық әрі жайлы бөлмелерде көрсетіледі. Жас пациенттер үшін қолайлы орта қалыптастыру денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы басты басымдықтың бірі-дейді аудан басшылығы. Қазір Егіндікөл ауданының тұрғындарына оннан астам медициналық және профилактикалық мекеме қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта бұл тізім кеңейтілмек. Спиридоновка және Полтавское ауылдарында заманауи медициналық-акушерлік пункттер салынады.

Бөлісу