Негізгі Жаңалықтар Жылуға бөлінген инвестициялық жобалар толық игерілді

Жылуға бөлінген инвестициялық жобалар толық игерілді


ДИКТОР: Облыс орталығын жылумен қамтитын «Көкшетау жылу» мекемесінде қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан баспасөз туры өтті. Алдымен өткен жылғы инвестициялық жобалардың тиісті жұмсалуы жайлы есеп тыңдалып, шараға қатысушылар құбырлары ауыстырылып жатқан жылу магистраліне барды. Биыл 5500-ден артық нысан, оның ішінде 1170 тұрғын үй жылумен қамтылады.  

РКС: Көкшетау қаласында магистральді жылу желілері шамамен 191 шақырымды құраса, оның 51 шақырымы магистральді, 140 шақырымы орамішілік желі. Биыл Үкімет резервінен бөлінген қаржыға 5 шақырымды құрайтын желіге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Инвестициялық жобалар аясында түскен қаржыға қаланы жылумен қамтитын №1 және №2 аудандық қазандықтарының ішкі жөндеу жұмыстарын жұмсалған. Бүгінгі таңда қала бойынша құбырлардың тең жартысының тозығы жеткен.   

СНХ: АСҚАР НҰРМАҒАНБЕТОВ, «КӨКШЕТАУ ЖЫЛУ» МЕКЕМЕСІ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Былтыртабиғи монополияларды реттеу департаменті 2,3 миллиард теңгенің инвестициялық бағдарламасын бекітті. Бұл қаржы жылу желілерін жөндеуге және құрал-жабдықтарды ауыстыруға жұмсалды. Оның 640 миллион теңгесі кәсіпорынның жеке қаржысы есебінен, ал 1,6 миллиард теңге Үкімет резерві мен облыстық қазынадан бөлінген. Бұл жұмыстар толық көлемде орындалды.        

РКС: Облыс орталығындағы Домбыралы-Саин көшелеріндегі 1200 метрлік жылу желісі толығымен жаңартылып жатыр. Бұл құбырлардың төселгеніне 30 жыл. Әбден тозығы жеткен. Мердігер компания мерзімінде бәрін аяқтауды жоспарлап отыр. Қазан шұңқырлар толық тегістелгеннен кейін абаттандыру шаралар жүргізіледі.     

СНХ ЕРЖІГІТ ТҰҢҒАТАРОВ, «КӨКШЕТАУ ЖЫЛУ» МЕКЕМЕСІ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінгі таңда осы аймақта Уәлиханов көшесінен Домбыралы көшесіне дейін Сайын көшесі бойынша құбырларды ауыстыру жүріп жатыр. Диаметрі 500 жүздік. Ұзындығы 1200 метр болады. 11-ші қыркүйекке дейін бұл жұмыстар аяқталады. Cапасы ППУ деген жаңа технологиямен істелген трубалар. Павлодар, Қарағанды заводтарынан келеді.

РКС: Қаладағы Байтұрсынов-Дулатов көшелерінде 700 метр жылу желісі де толық аяқталған. Биыл көкшетаулықтар қыстан қысылмай шығады,-дейді мекеме басшылары. 

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу