Негізгі Жаңалықтар «Арлан» жаңа маусымды жеңіспен бастады

«Арлан» жаңа маусымды жеңіспен бастады


ДИКТОР: Көкшетауда шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының жаңа маусымы басталды. Алғашқы турда жергілікті «Арлан» өз айдынында Рудныйдың «Горняк» командасын қабылдап, 3:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.

РКС: Кездесу алғашқы минуттан-ақ тартысқа толы өтті. Есепті 8-минутта Игорь Ищенко ашып, «Арланды» алға шығарды. Ал биыл команда сапына қосылған Вячеслав Коротин матчтың екінші бөлігінде екі шайба соғып, көкшетаулықтардың басымдығын еселей түсті.

СНХ: ВЯЧЕСЛАВ КОРОТИН, «АРЛАН» ХОККЕЙ КЛУБЫНЫҢ ШАБУЫЛШЫСЫ: Маусымды жеңіспен бастағанымызға қуаныштымыз. Ойын оңай болған жоқ, бірақ жігіттер соңына дейін бар күшін салып, мінез көрсетті. Жанкүйерлеріміздің қолдауы да бізге үлкен күш берді. Жаңа маусымды осындай жеңіспен бастау - біз үшін өте маңызды.

РКС: Иә, «Бурабай» спорт сарайы бұл кеште жанкүйерлерге лық толы болды. Көкшетаулықтар жаңа маусымнан зор үміт күтіп, сүйікті командасына алғашқы минуттан соңғы сиренаға дейін үздіксіз қолдау көрсетті.

БЛИЦ: КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ:

— Первая игра в этом году. Надеюсь наши спортсмены собрались, подготовленные все. Думаю этот год будет очень хорошим для них побед им. 

— Желаем побед самое главное, в регулярном чемпионате и ждём кубка.

— Я болею за наших. Второй раз на хоккей иду вообще классно. 

— Наша команда это гордость нашего города. Все знают что они чемпионы и уже не один раз завоёвывали золото. Мы очень гордимся своей командой, болеем, поддерживаем всегда её. В победах и не в победах мы всегда со своей командой. Для нас она всегда самая лучшая. 

РКС: Кездесуді Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев те тамашалады. Қала басшысы өңірде хоккеймен қатар өзге де спорт түрлерінің дамуына басымдық беріліп отырғанын атап өтті.

СНХ: ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгінде өңіріміз спорттық аймаққа айналып келеді. Мемлекет тарапынан барлық спорт түріне жан-жақты қолдау көрсетілуде. Бүгінгі әдемі ойыннан ләззат алып, Бүгінгі әдемі ойыннан ләззат алып, «Арланға» жанкүйер болдық. Алда ұзақ чемпионат бар. Командаға сәттілік тілейміз. Жаңа маусымда жақсы нәтиже көрсетіп, жанкүйерлерді талай жеңіспен қуантады деп сенеміз.

РКС: Осылайша, «Арлан» жаңа маусымды сенімді жеңіспен бастап, алғашқы үш ұпайын қоржынға салды. Кездесу 3:1 есебімен аяқталды. Ал қарымта ойын бүгін өтеді. Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңінде әр команда 54 ойын өткізеді. Ал плей-офф кезеңі ақпан айында өтеді.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, НАИР ЗАХОВАЕВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу