«Мерейлі отбасы» байқауы облыстық кезеңінің үздіктері марапатталды
ДИКТОР: Ақмола облысы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының үздіктерін анықтап марапаттады. Биыл отбасылық құндылықтарды дәріптеп, өнегелі жолын көпке үлгі еткен жанұялардан 100-ден астам өтінім түскен. Өңірдегі үміткерлер арасынан оза шапқан 7 отбасы үздік деп танылды. Қатысушылардың құрметіне «Ана» атты фотокөрме ұсынылып, бағалы сыйлықтар табысталды. Жеңімпаздарды Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтпаев салтанатты түрде марапаттады.
ИНТЕРШУМ:
РКС: «Мерейлі отбасы» шаңырақтың шырайын, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, ұрпақтар сабақтастығын дәріптейтін тағылымды жоба. Бұл жоба 10-жылдан астам дәстүрлі түрде ұйымдастырылуда. Отбасылық жобаның биылғы үздіктері Жақсы, Аршалы, Атбасар, Астрахан, Целиноград аудандары мен Қосшы, Көкшетау қалаларының отбасылары. Әрқайсысының өзіндік өнегесі, өзіне тән тағылымы бар. Бірі ел тыныштығын күзеткен өрт сөндірушілер әулеті болса, енді бірі ұлттық спортты ұлықтаған спортшы отбасы, ал бірі ұлттық өнердің сәнін келтіріп, ән мен күйді дәріптеп, ұлттық аспаптың бірнеше түрінде ойнайтын өнерлі отбасы.
СНХ: ӘСЕЛ ӘУБӘКІРОВА, «КӨТЕРМЕЛЕУ» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: (КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫ): Көпбалалалы өнерлі отбасымыз. Осы «Мерейлі отбасы» байқауына өзіміздің өнерімізді, өзіміздің отбасылық құндылықтарымызды таныстырайық деген ниетпен қатыстық. «Көтермелеу» сыйлығына ие болдық. Өзім көп жылдан бері өнер саласында қызмет еткен жанмын. Сондықтан балаларымның барлығы қобызда ойнап, домбыра тартып, ән айтып, өнер жолын қуған балапандар.
РКС: Осындай өнегелі отбасылардың қатарында Ілиясовтар отбасы бар. Әулеттің ақ жаулықты анасы, 85 жастағы Қарлығаш Жұмабайқызы бүгінде 4 бала, 12 немере, 33 шөбере және 2 шөпшектің қызығын көріп отыр. Бұл шаңырақтың тағы бір ерекше қыры бар. Мұны, отбасының берекесін арттырып отырған әулеттің келіні айтып береді.
СНХ: СҰЛУАЙ ІЛИЯСОВА, «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ГРАН-ПРИ ИЕГЕРЛЕРІ:(ҚОСШЫ): Алғаш рет қатысуымыз. Осы «Мерейлі отбасы» байқауында негізгі мақсатымыз. Отбасы бірлігін сақтау. Және отбасы-адамның адам болып тәрбиелнуі әрине ол от басынан басталады. Қазақтың ұлттық рухын сақтаумен тең деп есептеймін. Бізде 68 жан. Өйткені 1 үйде біз 3 ұрпақ тұрамыз. Үлкені енем, өзім, мен келінімін және менің келінім. Үлкен енеммен мен 40 жыл тұрамын. Келінім мен тұрғаныма 13-ші жыл кетіп бара жатыр. осы 3 ұрпақ бір қара шаңырақта тұрып жатырмыз.
РКС: Елімізде берекелі отбасылардың қатары жасарып, көбейіп келе жатқаны қуантады. Себебі, берекелі шаңырақ елдің берік іргетасы. «Мерейлі отбасы» байқауы арқылы ұрпақ тәрбиесі, үлкенге құрмет пен отбасы бірлігі секілді құндылықтар кеңінен дәріптеліп келеді. Биыл облыстық кезеңнің Гран-при иегері атанған Ілиясовтар отбасы енді республикалық додада Ақмола өңірінің намысын қорғайды.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ