Негізгі Жаңалықтар Ардагерлер арасындағы командалық ел чемпионаты басталды

Ардагерлер арасындағы командалық ел чемпионаты басталды


ДИКТОР: Көкшетауда ардагерлер арасындағы шахматтан Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты басталды. Kokshe Arena спорт кешеніне еліміздің алты өңірінен келген жеті команда жиналды. 50 жастан асқан шахматшылар бір апта бойы ел чемпионы атағын сарапқа салады. 

РКС: Турнирге Астана, Алматы, Шымкент, Көкшетау қалалары мен Ақмола және Ақтөбе облыстарының командалары қатысуда. Әр команда төрт ойыншыдан құралған. Олардың арасында халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері мен бірнеше дүркін Қазақстан чемпиондары бар.

СНХ: ТЕЛЬМАН МҰҚЫШЕВ, КӨКШЕТАУ КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ: Шаһарда ардагерлер шахмат клубы жұмыс істейді. Сол клубтың намысын қорғап отырмыз. Мақсатымыз - бар күшімізді салып, жүлделі орыннан көріну.

РКС: Жарыс классикалық шахмат жүйесімен өтуде. Әр партияға 90 минут беріледі. Жеңіске – 2 ұпай, тең ойынға – 1 ұпай жазылады. Чемпионатты Қазақстан шахмат федерациясының төрешілер алқасы қадағалайды.

СНХ: БЕКЕТ ЖАРОКОВ, ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ: Көкшетауда мықты шахмат мектебі қалыптасқан. Осы өңірден шыққан гроссмейстер Серік Темірбаев бүгінде Қазақстанның ардагерлер құрамасын халықаралық жарыстарда бастап жүр.

РКС: Жарыс 8 қыркүйекке дейін жалғасады. Айта кетейік, биыл Қазақстанның ардагерлер құрамасы Албанияда өткен әлем чемпионатында қола жүлде иеленген еді. Алдағы бір аптада Көкшетауда ардагерлер арасындағы Қазақстанның командалық чемпионы анықталады.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, НАИР ЗАХОВАЕВ, САНЖАР НҰРСЕИІТОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Бөлісу