Негізгі Жаңалықтар Прокуратура мүгедектігі бар азаматтардың құқығын қорғады

Прокуратура мүгедектігі бар азаматтардың құқығын қорғады


ДИКТОР: Бурабай ауданының прокуратурасы мүгедектігі бар 30-дан астам азаматтың инватакси қызметін алу құқығын қалпына келтірді. Бұл мәселемен құқық қорғау органдарына Щучинск қаласының тұрғындары жүгінген. Олар «Инватакси» қызметін көрсету барысында құқықтарының бұзылғанын айтқан. Осыған байланысты прокуратура тиісті тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру кезінде техникалық ерекшелікке сай, әрбір қызмет алушыға бөлінетін көлік сағатының санына шектеу енгізілгені анықталды. Алайда, мұндай лимиттер мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау қағидаларында қарастырылмаған. Сонымен қатар, тапсырыс беруші инватакси қызметінің күндізгі және түнгі уақыттағы, сондай-ақ, демалыс, мереке күндеріндегі жұмыс режимін айқындамаған. Бұл азаматтардың көлік қызметтеріне тең қолжетімділігіне кері әсерін тигізген. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мүгедектігі бар 31 азаматтың құқығы қалпына келтірілді. Олардың 25-і кәмелеттік жасқа толмағандар.

Бөлісу