Ақмолалық диқандар егіннің үштен бір бөлігін жинады
ДИКТОР: Ақмолалық шаруалар астықтың үштен бір бөлігін жинады. 2,6 миллион тонна астық бастырылды. Орташа түсім гектарынан 13 центнерді құрайды. Егістікте 14 мың техника жұмыс істеуде. Сандықтау ауданындағы егін жинау науқаны жайында тілшіміз айтады.
РКС: Сандықтау ауданындағы «Мәдениет» серіктестігі биыл 24 мың гектар жерге дән сіңірді. Жиын-терін науқанына 150 адам тартылды. Астық жинау үшін 30 жоғары өнімді комбайн іске қосылды. Гайдар Жаманов механизатор. Ауылшаруашылығы саласында 40жылға жуық еңбек етіп келеді. Оның айтуынша, мұнда жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған.
СНХ: ГАЙДАР ЖАМАНОВ – МЕХАНИЗАТОР: Отан алдындағы борышымды өтеп келгеннен бері ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп келемін. Мен К-700, «Беларусь» тракторларын жүргіздім. Автогаражда жүргізуші болып жұмыс істедім. Кейін мына жаңа техниканы алдық. Осы комбайнды 20 жылдан аса жүргіземін. Бұл жайлы техника, ауаны тазартып, шаңды жоқ қылады. Техника шетелдік, сенімді. Ең бастысы – техникаға құрметпен қарау керек. Сонда үздіксіз қызмет көрсетеді.
РКС: Шаруашылықтағы астық жинау науқаны үш аптадан бері жүрңп жатыр. Мұнда түсім облыс бойынша орташа есеппен 15 центнерден жоғары. Шаруашылық егіс құрылымын өзгертуді жалғастыруда. Бидайдан басқа мұнда күнбағыс, зығыр, жасымық және арпа өсіріледі. Егіс алқаптарының қайтарымын арттыру үшін жаңа сорттар, заманауи техника және егістікті жақсартылған күту қолданылады.
СНХ: ЕРЖАН СЪЕЗБЕК, СЕРІКТЕСТІКТІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Биыл 24 мың гектарға егін егілді. Оның ішінде майлы дақылдар: зығыр, күнбағыс бар. Күнбағыс - 4 400 гектар, зығыр - 1 600, жасымық - 2 000 және шамамен 5 000 гектар арпа, қалғаны - бидай себілді. Биыл «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша 600 миллионға жуық жеңілдетілген несие алдық.
РКС: Шаруашылықтың астық жинау қоймасында екі кептіргіш жұмыс істейді. Олар бір сағатта 70 тоннаға дейін астық кептіреді. Бидайдың негізгі бөлігі Атбасар ауданының элеваторларына түседі. Күзгі дала жұмыстарын үздіксіз жүргізу үшін мемлекеттен қолдау бар. Облыс шаруаларына 81,2 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Оны литрі 305 теңгеден берілген.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.