Ақмола облысында жоспарланған 16 вокзалдың 14-і ел игілігіне берілді
ДИКТОР: Есіл қаласында жаңартылған теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, заманауи талаптарға сай қайта жаңғыртылды. Нысанда жолаушыларға арналған қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасалған.
РКС: Есіл теміржол станциясының тарихы сонау 1943 жылдан басталады. Бүгінде вокзал арқылы 18 жолаушылар пойызы қатынайды. Сондықтан бұл нысан ауданның маңызды көлік торабы саналады. Жаңартылған вокзалдың ашылуын жергілікті жұршылық ерекше ықыласпен қарсы алды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ТИМУР ПОЛТАВЕЦ, ЕСІЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осы жобаға атсалысқан барлық азаматтарға алғыс айтамыз. Жаңа вокзал қаламыздың дамуына серпін беріп, тұрғындарға жайлы қызмет көрсететін маңызды нысан болады деп сенеміз.
РКС Жоба аясында вокзалдың ішкі және сыртқы келбеті толық жаңартылды. Аумағы абаттандырылып, инженерлік жүйелер ауыстырылды. Қауіпсіздік пен қолжетімділік талаптарына ерекше көңіл бөлінген.
СНХ: АСХАТ АЙТҚАЛИЕВ, ЕСІЛ СТАНЦИЯСЫ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Бұрын вокзалдың аумағы 406 шаршы метр болса, қазір 485 шаршы метрге дейін ұлғайды. Ана мен бала бөлмесі және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы бөлме ашылды. Тәулігіне шамамен 240 жолаушыға қызмет көрсетеміз, 10 жұп пойыз қатынайды.
РКС: Айта кетейік, бүгінде аймақ бойынша жоспарланған 16 вокзалдың 14-і толық жаңартылып, ел игілігіне берілді. Атбасар және шаһардағы теміржол вокзалы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, НАИР ЗАХОВАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ