«Таза жағалау» атты экологиялық акция өтті
ДИКТОР: Облыс аумағында «Таза жағалау» атты экологиялық акция өтті. Іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық бастама аясында өтті. Су қоймаларының маңындағы аумақтарды тазалауға мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және барлық қамқор тұрғындар атсалысты.
РКС: Қопа көлінің жағасында ертемен қызу қарбалас басталды. Акцияға қатысушылар қолғап киіп, пакеттер алып көл маңын жинауға кірісті. Олар пластикалық бөтелкелерді, қаптамаларды және басқа да тұрмыстық қоқыстарды жинады.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Бұл күні көшелерді абаттандыруға тұтас еңбек ұжымдары да қатысты. Мәселен «Қазгидромет» облыстық филиалының қызметкерлері сенбіліктер мен түрлі экологиялық іс-шараларға үнемі қатысады.
СНХ: АЙГҮЛ ҚАНТАЕВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕР-АГРОМЕТЕОРОЛОГЫ: «Қазгидромет» филиалының ұжымы жыл сайын республикалық, облыстық және қалалық экологиялық акцияларға белсене қатысады, өйткені біз қаламыз таза болғанын қалаймыз, адамдар жаз мезгілінде көл жағалауында демалады. Жалпы біз таза ауаны, табиғатты қолдаймыз. Жағажайда жүргенде, адамдар қоқысты рұқсат етілмеген жерлерге тастап, әсіресе түрлі іс-шаралардан қоқыс шашылып қалатынын жиі байқаймыз.
РКС: Бұл күні тазалық акциясы облыс аумағында бір мезетте жетпіс жеті жерде жүргізілді. Акцияға барлығы үш жарым мыңға жуық адам қатысты. Нәтижесінде бес жүз тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
СНХ: АРЫСТАНБЕК ТАСҚЫНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Президенттің бастамасымен Таза Қазақстан тұжырымдамасы бекітілген болатын. Осы тұжырымдама аясында Таза өлке, Таза қала, Таза өңір, Таза жағалау, Мөлдір бұлақ сияқты акциялар жобасынан бері ұйымдастырылып келеді. Осы тұжырымдаманың жалғасы ретінде бүгін өткізіп отырған акциямыз Таза жағалау деп аталады. Жалпы енді бұл акцияның негізгі мақсаты тек қана тазалық жұмысын жүргізу емес, жалпы адамдардың экологиялық мәдениетін жоғарылату,сол арқылы өзіміз өмір сүріп отырған ортаны таза ұстауға мән беру. Бүгін біз осы Қопа көлінің жағалауынан Қылшақты өзенінің бойымен жүріп өтеміз. Яғни өзеннің екі жағалауын тазалап өтеміз.
РКС: Бұл күні еліміз бойынша өзен мен су қоймаларының жағалауларын ауқымды жинау жұмыстары жүргізілді. Экология министрлігінің хабарлауынша, түрлі өңірде «Таза жағалау» акциясына 36 мыңға жуық қазақстандық қатысты.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АКПАРАТ.