Негізгі Жаңалықтар Прокуратура туристік инвестициялық жобаны сүйемелдеуде

Прокуратура туристік инвестициялық жобаны сүйемелдеуде


ДИКТОР: Ақмола облыстық прокуратурасы Ақкөл ауданындағы ірі туристік инвестициялық жобаны сүйемелдеуде. Компания Ақкөлдің курорттық инфрақұрылымын дамытуға 13 миллиард теңгеден астам инвестиция салуды жоспарлап отыр. Ауқымды жоба аясында 240-қа жуық жаңа жұмыс орны ашылады деген болжам бар. Құрылыс жоспарының жүзеге асуына кедергі болған жер мәселесі де құқық қорғаушылардың араласуы нәтижесінде шешімін тапты. Инвестор курорттық аймақта ауқымды туристік нысандар кешенін салуды жоспарлап отыр. Жоба аясында 40 қонақ үйі, 53 вилла және халықаралық ірі қонақүйлер желісінің 120 орынға арналған кешені бой көтермек. Алайда компания жер қатынастарына байланысты құқықтық кедергіге тап болған. Елді мекен шекараларының нақты белгіленбеуі қажетті мәліметтерді Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрына енгізуге мүмкіндік бермеген. Мәселе облыстық прокуратураның бастамасымен шешілді. Қажетті жер-құқықтық рәсімдер жүргізіліп, инвестициялық жобаны іске асыруға кедергі болған мәселелер жойылды. Енді жоба жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Облыстық прокуратура инвестициялық жоба толық іске асырылғанға дейін сүйемелдеуді жалғастырады.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар