Ақмола облысында орақ науқаны қызу жүріп жатыр
ДИКТОР: Ақмола облысы - астықты аймақ. Биыл мұнда 5,6 миллион гектар алқапқа дән сіңірілді. Қазір өңірде орақ науқаны қызу жүріп жатыр. Облыс әкімі Марат Ахметжанов Зеренді ауданындағы орақ науқанының барысымен танысты.
STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Ақмола облысында егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Қазірдің өзінде диқандар 1 млн 600 мың гектар алқапты жинап, 2 млн тонна астық бастырды. Егіннің сапасы да биылғыдан жоғары,-дейді мамандар.
СНХ: РЕНАТ КАСЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Орташа өнімділік 12,3 центнерді құрайды. Бүгінгі таңда барлық элеваторларға түсіп жатқан бидайдың 70 пайызы жоғары сапалы тауарлы бидай. Көрсеткітерге қарағанда HiPro деген көрсеткішке келіп тұр.
РКС: «Намыс Групп» серіктестігі биыл 8,5 мың гектарға дәнді-дақыл еккен. Алқаптың басым бөлігін бидай мен жасымық құрайды. Қазір шаруашылықта 9 комбайн, 11 трактор үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Жиын-терімге 42 адам жұмылдырылған.
СНХ: МАНАРБЕК БАЙМАНОВ, МЕХАНИЗАТОР: Биылғы ауа-райынан жақсы урожай алып жатырмыз. 50 гектарға дейін бір комбайн алады. 100 тонна маңайында, намолотить етеміз. Жұмыс өзімізге ұнайды.
РКС: Жалпы биыл облыста 5,6 милион гектар алқапқа түрлі дақыл егілген. Жыл сайын алқаптар әртараптандырылып, майлы дақылдардың үлесі артып келеді. Соңғы үш жылда майлы дақылдардың алқабы 6 есе ұлғайған. Дегенмен, басты өнім бидай болып қала бермек. Ал мол өнім алуда мемлекеттік қолдаудың ықпалы зор. Биыл да шаруалар дала жұмыстарына қажетті ресурстармен дер кезінде қамтылды. Дизель отыны литріне 305 теңгеден босатылды. Жалпы биыл саланы дамытуға 316 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Биыл енді мемлект тарапынан Президенттің тапсырмасына сәйкес үлкен қомақты қолдау болды. Мына «Кең Дала» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие бүкіл қожалықтарға берілді. Соның арқасында ауа райы кей кезде қолайлы болмаса да, жақсы технологияның арқасында ғылымға сүйенудің арқасында, еңбектің арқасында жақсы өнім алып жатырмыз.
РКС: Қазір қыр басында 14 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы жұмыс істеп жатыр. Шаруалар ауа райы қолайлы болса, орақ науқанын қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ