Негізгі Жаңалықтар Өндірістік қала дамып жатыр

Өндірістік қала дамып жатыр


ДИКТОР: Степногорск қаласы өңір үшін маңызды бірнеше бағытты дамытып жатыр. Шаһарда өнеркәсіптік өндіріс көлемі кеңейтіліп, ауыл шаруашылығы өндірушілері өсімдіктерді қорғауға арналған қажетті құралдармен қамтамасыз етілуде. Балық шаруашылығы дамытылып, әлеуметтік инфрақұрылым жаңғыртылу үстінде.

РКС: Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғауға арналған өнімдер шығаратын химиялық зауыттың жылдық өндірістік қуаты 50 000 тоннаға дейін жетеді. Өнімдер арнайы жабдықталған қоймаларда сақталады. Компания өнімдері елдегі жалпы егістік алқаптың төрттен бір бөлігінен астамын өңдеу үшін пайдаланылады. Кәсіпорындағы тоғыз ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақытта сұйық пестицидтерді дайындауға арналған 13 өндірістік желі жұмыс істеп тұр.

СНХ: ҚАЙРАТ УӘЛИ, КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫ: Барлық өнім Ауыл шаруашылығы министрлігінде тіркелген, сонымен қатар жаңа өнімдерді тіркеу жұмыстары да жүріп жатыр. Шикізат негізінен Қытайдан жеткізіледі, дегенмен кейбір құрамдас бөліктерді Ресейден де аламыз. Ұжымда 180 адам жұмыс істейді. Қазір шамамен 45 бос жұмыс орны бар. Бұл өте күрделі жағдай, әсіресе білікті жұмысшылар жетіспейді. Қазақстанда менеджерлер мен заңгерлер көптеп даярланады, алайда дәнекерлеушілер, кран машинистері, ауыр жүк көлігінің жүргізушілері, тиегіш операторлары және тракторшылар тапшы. Бұл сұранысқа ие мамандықтар.

РКС: Қалада балық шаруашылығы да белсенді дамып келеді. Степногорскіде 2020 жылдан бері балықты жасанды жолмен өсіру нысаны жұмыс істеп тұр. Сала мамандары балық шаруашылығы мен аквамәдениет қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының маңызды салалары екенін атап өтуде. 

СНХ: АЛЕКСАНДР ГОРБЕНКО, БАЛЫҚ ӨСІРУ ЦЕХЫНЫҢ АҒА ШЕБЕРІ: Балық өсірумен айналысамыз. Барлық процесс инкубациядан басталад. Біз Польшадан уылдырық сатып алып, оны инкубациялаймыз және балықты өсіреміз. Балықтар үш кезеңнен инкубациялық цех, шабақ өсіру бөлімшесі және соңында тауарлық балық өсіру нысанына өтеді.  

РКС: Степногорск қаласындағы №1 мектеп 1964 жылы салынған. Қазір мұнда сол уақыттан бері алғаш рет күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұған дейін 2013 жылы негізгі ғимараттың шатыры ауыстырылған болатын, аралық кезеңде тек ағымдағы жөндеу жұмыстары ғана атқарылды.

СНХ: ӘСЕЛ ЕСЕНАМАНОВА, Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ №1 МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Былтыр біз үш негізгі міндетті – терезелерді толық ауыстырып, ғимаратқа кіре берісті және жылу жүйесін түгелдей жаңарттық. Биыл сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, шатыр, еден, төбе, сылақ және ішкі әрлеуді қолға алдық. Техникалық сараптама мектепке күрделі жөндеу қажет екенін көрсетті. Ғимараттың салынғанына 62 жыл болғандықтан, жөндеу жұмыстары шынымен де қажет еді. Біз 1 қыркүйекке дейін дайын боламыз.

РКС: Қазір Халыққа қызмет көрсету орталығына келушілер үшін ыңғайлы жағдайлар жасалды. Бұрын мекеме аумағы шектеулі жалға алынған үй-жайда орналасқан болатын, жақында заманауи әкімшілік ғимаратқа көшті. Мұнда күн сайын шамамен 300 Степногорск тұрғынына қызмет көрсетіледі. Нысандар халықтың барлық топтарына бейімделген, мүгедектердің қажеттіліктеріне ерекше назар аударылған. Ыңғайлылық пен қолжетімділік үшін азаматтық хал актілерін жүргізу саласының қызметкерлері де сол ғимаратта жұмыс істейді, оның ішінде жаңа үйленгендерге арналған салтанат залы бар.

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу

Аймақтық телеарналар