Аршалыда 47 отбасына жаңа пәтердің кілті табысталды
ДИКТОР: Аршалыда 47 отбасы қоныс тойын тойлады. Жаңа пәтердің кілті әлеуметтік осал топтағы және мемлекеттік қолдауға мұқтаж жандарға бұйырды. Қуанышқа ортақтасқан Аршалы ауданының әкімі Достанбек Есжанов жаңа пәтер иелерін құттықтап, баспана кілттерін салтанатты түрде табыстады.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жаңа баспана былтыр «Тұрғын үй қорын жаңғырту» бағдарламасы аясында бой көтерген 100 пәтерлі көпқабатты үйден берілді. Былтыр наурыз айында оның 30-дан астам пәтері өз иесін тапса, биыл тағы 40-тан астам мұқтаж отбасы жаңа шаңырақтың табалдырығын аттап, қоныс тойын тойлады.
СНХ: АЛМАГҮЛ ЕСЕРКЕНОВА, АРШАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Өте қуаныштымын 9 жыл күткен пәтерімді алдым. Бәріне көп-көп рахмет. Өте қуаныштымыз, балам да қуанып жатыр. Мен де қуанып жатырмын.
СНХ: ДОСТАНБЕК ЕСЖАНОВ, АРШАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл күн әрқайсыңыз үшін ерекше әрі айтулы күн болсын! Жаңа пәтерлеріңізде әрдайым жылулық, жайлылық, береке-бірлік пен молшылық орнасын. Тұрғындарымыз, балаларымыз бен отбасыларымыз осы жаңа баспаналарында қуанышқа бөленіп, бақытты өмір сүріп, өздерін әрдайым жайлы сезінсін. Жаңа пәтерлеріңіз тағы да құтты болсын!
РКС: Жалпы Аршалы ауданының инфрақұрылымы серпінді дамып келе жатқан аймақтың бірі. Мәселен, тұрғын үй құрылысы қарқын алып, коммуналдық желілер мен абаттандыру жұмыстарына да басымдық берілуде. Бұл өзгерістер елді мекендердің келбетін жаңартып қана қоймай, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ