Негізгі Жаңалықтар Колледждегі сайлау учаскесінде бюллетеньдер саналуда

Колледждегі сайлау учаскесінде бюллетеньдер саналуда


ДИКТОР: Көкшетаудағы құрылыс-технологиялық колледжінде орналасқан қос сайлау учаскесінде дауыс беру белгіленген тәртіп бойынша кешкі сағат 8-де аяқталды. Сайлау комиссиясының мүшелері бюллетеньдерді санауға кірісіп кетті. 

РКС: Сайлау бюллетеньдерін санау процесі дауыс беру аяқталғаннан кейін учаскелік сайлау комиссиясы жүзеге асыратын, қатаң заңдылық пен реттілікті талап ететін маңызды кезең. Қазақстан Республикасындағы сайлау заңнамасына сәйкес, бұл процесс үзіліссіз жүргізіледі және дауыс беру аяқталған сәттенғ яғни кешкі сағат 8-ден кейін басталады. Колледжде орналасқан 730-шы сайлау учаскесінде бүгінгі саяси науқан қалай өтті? Қанша сайлаушы қатысты? Заңсыздықтарға жол берілген жоқ па? Осы сауалдарға комиссия төрағасы жауап берді.  

СНХ: ЕРЛАН БЕГАЙДАРОВ, №730 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 730 сайлау учаскесінде жалпы дауыс берушілердің саны 2182 болды, оның ішінде 18 жасар бала болды, оның ішінде 11-і бірінші рет дауыс берді. Өтініш бойынша бес дауыс беруші үйлеріне сұратты дауыс беруге, оған комиссия шықты, бес дауыс беруші үйлерінде дауыс берді. Жалпы халық белсенді қатысты, әсіресе үлкен жастағы кісілер. Олар ерте келіп, жеті болмай келіп, осы жерде есікте тұрып, кіріп, өздерімен бірге гимнді ойнап, тыңдап, ашылуында бірге болды. Бақылаушылар болды және де доверенные лица, сенім білдірген адамдар да болды. Басынан аяғына дейін бақылаушылар отырды, шыққандай қателіктер болған жоқ, олардан шыққандай ұсыныс түскен жоқ. Сондықтан бәрі жақсы өтті деп бақылаушылардан жоғары баға алдық.

РКС: Құрылтай сайлауының түпкілікті қорытындысы дауыс берілген күннен кейін жеті күннен кешіктірілмей, яғни тамыздың 30-на дейін ресми түрде жариялануы тиіс. 

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар