Ақмола облысында сайлау учаскелері жұмысын аяқтады
ДИКТОР: Ақмола облысының барлық қалалары мен аудандарында Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру аяқталды. Күні бойы тұрғындар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасады. Учаскелік комиссия мүшелері бюллетендерді санауға кірісті.
РКС: Қосшы қаласындағы №744 сайлау учаскесінде 2900 сайлаушы тіркелген. Дауыс беру күні мұнда тұрғындарға барлық жағдай жасалды. Ерекше қажеттілігі бар 7 азамат пен үйден дауыс беруге өтініш берген 2 сайлаушының да таңдау жасауына мүмкіндік берілді.
СНХ: МАНАРБЕК ЖАНАҚАСОВ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Құтты болсын! Бүгін міне дауыс беріп жатырмыз, құрылтайымыз енді алдағы келешектегі болашақтағы құрылтай партиясы жақсылыққа болсын. Қазақстанымыз өсе берсін көркейе берсін болашағымызға бар жақсылық.
СНХ: МАХАББАТ ЖАНАҚАСОВА, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын. Өсіп келе жатқан ұрпаққа бар жақсылық тілеймін. Еліміз көркейе берсін жасасын Қазақстан
РКС: Ал Есіл ауданында тұрғындар үшін 40-қа жуық сайлау учаскесі жұмыс істеді. Белгіленген уақытта дауыс беру тоқтатылып, комиссия мүшелері бюллетеньдерді санауға кірісті.
СНХ: ИННА ПРИСТАЙЧУК, №421 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ (ЕСІЛ ҚАЛАСЫ): Бүгін сайлаушылар белсенділік танытып, өз таңдауын жасауға келді. Біз әр тұрғынға дауыс беруге барлық жағдайды жасауға тырыстық. Сайлауға қатысып, өз азаматтық ұстанымын білдірген барша тұрғынға алғыс айтамыз.
РКС: Ендігі кезекте комиссия мүшелері бюллетеньдерді санап, хаттамаларды рәсімдейді. Сайлаудың түпкілікті нәтижесі барлық заңнамалық рәсімдер аяқталғаннан кейін белгілі болады.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ