Негізгі Жаңалықтар Үздіксіз жұмыс істейтін 9 кәсіпорында арнайы сайлау учаскелері ашылды

Үздіксіз жұмыс істейтін 9 кәсіпорында арнайы сайлау учаскелері ашылды


ДИКТОР: Биыл Ақмола, Атырау және Қарағанды облыстарында үздіксіз жұмыс істейтін 9 кәсіпорында пилоттық жобада арнайы сайлау учаскелері ашылды. Бұл жаңашылдық ауысыммен еңбек ететін азаматтардың конституциялық дауыс беру құқығын толық қамтамасыз етпек.  

РКС: Көкшетаудағы полимер қаптамаларын шығаратын зауыттың жұмысшылары биыл алғаш рет өндірістен қол үзбей, сайлауға қатысып жатыр. Кәсіпорында ашылған арнайы учаскеге 276 азамат тіркелген. Олар күндізгі не түнгі ауысымнан шыға салысымен бірден дауыс бере алады. Сондықтан саяси науқан қызу жүріп жатыр. Адам қарасы қалың. Жалпы, зауытта 1 мыңнан аса азамат еңбек етеді. Олардың басым бөлігі сайлауға өз мекен-жайы бойынша қатысады. 

СНХ: МИРАС ҚАПАР, №805 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біздің Новопэк кәсіпорны үздіксіз жұмыс істейді. Бірінші рет сайлау учаскесі ашылып отыр. Бұл бізге, біздің жұмысшыларға өте ыңғайлы болып жатыр. Өйткені бұрындары адамдар өз дауыстарын бере алмай қалған болатын. 

РКС: Жалпы, өңірде осындай 3 учаске ашылды. Оның екеуі кен өңдеп, алтын шығаратын өндіріс ошақтарында жұмыс істеп тұр. Бұл күні өндірістен қол үзбей, өз таңдауын 18-дегі жас жұмысшы Нұрболат Перде де жасады. Ол алғашқы дауыс беруші ретінде қолына сыйлығын алды.  

СНХ: НҰРБОЛАТ ПЕРДЕ, ЖҰМЫСШЫ: Қазақстан өте дамып келе жатыр. Цифровой жағынан, жалпы адал еңбекті бағалап жатыр қазір. Менің бірінші жылым осында дауыс беріп жатқаным. Жасым 18-де. Үзіліссіз жұмыс жасайтын орын болғандықтан, уақыт болмайды көбінесе, дауыс беруге. Өзіміздің өмірімізге де уақыт бөле алмай қаламыз. Осындай іс шаралар жасағаны бізге өте пайдалы деп ойлаймын. 

Для русс редакц СНХ: АЛЕКСАНДР КАРЕЛИН, ЖҰМЫСШЫ: Пришел утром на работу, очень удобно открылся у нас участок для такого производства. Очень рад что страна развивается, все для людей делается. Пришел на работу, голосовал, пошел на работу. 

РКС: Бұл сайлаушылардың дауыс беру құқығын барынша қолжетімді етуге бағыталған пилоттық жоба. 

СНХ: ЕРЖІГІТ АРАПБАЙ, ЦЕХ БАСТЫҒЫ: Мен осы кәсіпорында 9 жылдан бері жұмыс істеймін. Кәсіпорынымыз үздіксіз жұмыс істейді, 24/7 тоқтаусыз істейді. Әділетті Қазақстан дами берсін. Өркендеп өсе берсін. Тоқтаусыз жұмыс жасайтын участок өте қолайлы. Жұмыстан шығып бара жатып, өз таңдауын жасап, дауыс беріп жатыр.

РКС: Жалпы Ақмола облысында 759 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Онда сайлаушылар үшін дауыс беруге бар жағдай жасалды.   

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, БИБИНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ  



Бөлісу

Аймақтық телеарналар