Қорғалжында 17 сайлау учаскесі жұмыс істеді
ДИКТОР:Қорғалжын ауданы бойынша 4648 сайлаушы тіркелген. 17 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады. Мүгедектігі бар 33 азамат үшін де бар жағдай жасалды. Аудан бойынша шетелдік 4 байқаушы сайлау барысын бақылады.
СНХ: БАУЫРЖАН БАЙҚАДАМОВ, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: (ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ): Қорғалжын аудандық сайлау комиссиясы өз жұмысын таңғы сағат 6 бастады. Аудан бойынша 17 сайлау учаскесі тіркелген. Барлық сайлау учаскелері таңғы сағат 7-де өз жұмысын бастады. Сайлаушылардың келуі жақсы болды. Таңертең ауа райының қолайсыздығына байланысты сайлаушылар аз келген болса, жаңбыр тоқсағаннан кейін сағ 11 кейін сайлаушылар өте көп келе бастады. Сайлаушылардың көңіл күйі өте жақсы. Сайлау жақсы өтті деп ойлаймыз. Қорғалжын ауданы бойынша 4 мың 648 сайлаушы тіркелген. Шетелдік байқаушылар яғни европарламенттен 4 сайлаушы келіп, сайлау барысын бақылады. Ешқандай штатта тыс оқиғалар тіркелген жоқ. Сайлау учаскелері 20.00 өз жұмысын аяқтады. Қорғалжын ауданы бойынша 4187 сайлаушы өз таңдауын жасап дауыстарын берді. Пайызға шақсақ 90 пайыздан жоғары. Қорғалжын аудандық сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтады. Жабылып санау жұмыстарына кірісіп кетті.