Негізгі Жаңалықтар Қайтарылған активтер есебінен Ақмола облысында ауыз су мәселесі толық шешілді

Қайтарылған активтер есебінен Ақмола облысында ауыз су мәселесі толық шешілді


ДИКТОР: Мемлекетке қайтарылған активтер әлеуметтік маңызы бар жобаларға бағытталып жатыр. Ақмола облысында арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен спорт, денсаулық сақтау және инфрақұрылым нысандары бой көтеруде. Соның ішінде елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтуға басымдық берілген. Бүгінде өңірдегі 444 ауыл орталықтандырылған тіршілік нәрінің жүйесіне қосылған. Тағы 120 елді мекенде су тазарту блок-модульдері жұмыс істейді. Биыл су желілерін жаңартып, ауыз су сапасын арттыруға 4,2 млрд теңге бөлінді.

РКС: Зеренді ауданындағы Садовое ауылы сапалы ауыз сумен қамтылған елді мекендердің бірі. Бұған дейін жергілікті тұрғын суды қаладан тасымалдап ішкен. Себебі ауылдағы ұңғыманың суы тұтынуға жарамсыз болған,-дейді жергілкті халық. Былтыр елді мекенге орталықтандырылған су желісі тартылды. 

СНХ: СҰЛУШАШ БАЙГУЛИНА, САДОВОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осы ауылға 1991 жылы көшіп келдік. Содан бері тұрып жатырмыз. Су болған жоқ ауылда. Өзі қайда барсақ та бөтелкелерімізді құшақтап жүретінбіз, су алып келу керек деп. Былтырдан бері енді ауылымызға су құбырын жасап, өте жақсы болды бізге. Әсіресе, зейнеттегі адамдарға. Далада скважинамыз болған, бірақ ол ішуге жарамсыз болған. Қазір рахат. Су жұмсақ, оңды. 

РКС: Садовое - сапалы ауыз суға қол жеткізген жалғыз ауыл емес. Тек бір жылдың ішінде Зеренді ауданындағы 12 елді мекенге жаңа су желісі тартылған. Бүгінде Қанай би, Ақадыр, Заречное, Баратай, Өркен, Троицкое ауылдарының тұрғындары да орталықтандырылған ауызсудың игілігін көріп отыр.

СНХ: АХМЕТ АМАНТАЙ, САДОВОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Енді полный удобства, кухнядамызда міне су бар. Далада бар полевать ететін суымыз. Тұщылығы оңды. Өзі маған докторлар айтқан, күніне 1,5 литр күніне су ішу керек деп, енді таңнан кешке дейін су ұрттап іше берем. Қазір қалаға шапқыламаймыз. Айтатыным рахмет, елдің азаматтарына.

РКС: Былтыр аймақта арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен су жүйесін дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Соның нәтижесінде 36 ауылда су құбырының құрылысы аяқталып, бүгінде 20 мыңға жуық тұрғын орталықтандырылған тіршілік нәріне қол жеткізді.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу

Аймақтық телеарналар