Негізгі Жаңалықтар Ұстаздардың тамыз кеңесі өтті

Ұстаздардың тамыз кеңесі өтті


ДИКТОР: Көкшетауда облыс әкімінің қатысуымен өткен білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі «Жаңа Халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында өтті. Жиынға Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, облыстық, аудандық білім саласының басшылары, орта және кәсіптік білім беретін мекеме жетекшілері мен ардагер ұстаздар қатысты. Облыс бюджетінен білім саласына 255 миллиард теңге бөлінген. 522 мектеп жаңа оқу жылына дайын.

РКС: Биылғы білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі өзгеше форматта өтті. Бұрынғыдай үлкен мәдениет сарайларының залына облыстың барлық мұғалімдерін жинамай, шағын залда ұйымдастырылған кеңеске 5000 -ға жуық педагог онлайн форматта қатысты. Олар кеңес барысын өз білім ошақтарынан шықпай бақылап. баяндамаларды тыңдады. 

СНХ: ӘДІЛЕТ СЕМБІ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӨКІЛІ: Биылғы 2026-2027 оқу жылына 13 мыңға жуық бірінші сынып оқушылары қабылдануда облыс бойынша. Олар 500-ден астам мектептерде білім алады. Балабақшаларға келетін болсақ, 595 балабақша мен мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Ол жерде 40 мыңға жуық бүлдіршін тәрбиеленуде.27 колледж бізде жұмыс жасайды. Ол жерде 19 мыңға жуық студент білім алуда.

СНХ: ТҰРАР ҚАРАТАЙ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Аудан бойынша 49 мектеп бар. Облыс бойынша 9 комфортты мектептің 7-уі Целиноград ауданында орналасқан. барлық мектептер дайын. Оқу ағарту министрлігімен тығыз қарым-қатынастамыз. Ыбырай Алтынсарин атындағы академияның қызметкерлері бізге жиі келеді. Мұғалімдердің барлық курстардан өтуі, оң жолға қойылған. 

РКС: Әнұран шырқалғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың тамыз кеңесіне қатысушыларға бейнеүндеуі тыңдалды. Қазақстан мектептері оқушыларының өткен жылғы жетістіктеріне тоқталған министр әр жетістік әр баланың талпынысы болашаққа салынған инвестиция екеніне басымдық бере, жаңа оқу жылында ұстаздар қауымына табыс тіледі. Өңірдегі білім ошақтарының жетістіктеріне тоқталсақ, биыл 5,6 млрд теңгеге мектептер жөнделген. «Алтын белгіге» аяқтаған 442 түлектің 297- сі білім грантын жеңіп алған. Ақмола облысының 4 мектебі еліміз бойынша үздік 100 олимпиадалық мектеп рейтингісіне енді. Кеңес барысында онлайн режимде ауыл ұстаздары цифрлық құралдар мен жасанды интеллектіні қолдану, инновациялық тәсілдер арқылы ұлттық құндылықтарды оқыту және тәрбиелеу тәжірибелерімен бөлісті. Сондай ақ Канададағы Олдс ауыл шаруашылығы және технологиялар колледжінің тәжірибесі де назарға ұсынылды. Біздің студенттер де алдағы уақытта осы колледжге барып тәжірибе алмаспақ. Дәл осындай ауыл шаруашылығына мамандарды дайындайтын халықаралық колледжді Қосшы қаласында ашу жоспарланып отыр. Конференцияны түйіндеген облыс әкімі Марат Ахметжанов басты міндет сапалы білім, саналы тәрбие беруде ұстаздар қауымына жүктелетін міндетке баса тоқталды. 

СНХМАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Үлкен бастамалар Конституцияда, ең бастысы әділетті мемлекет идеясы, заң мен тәртіп қағидасы, таза Қазақстан, адамныің бойында жақсы құндылықтарды қалыптастыру, ертең оны тек сабақ ретінде емес, күнделікті өзінің тұрмысында пайдаланатын қасиетті, толық адам нағыз идеясымен келісіп отырады.халықтық конституция деп бекер айтпаймыз, Президентіміз алға қарап, ертеңгі бәсеке елдердің ішінде қалай орын табамыз, неменеге сүйенеміз, мың жылдық тарихымыз бар, дәстүріміз бар, мәдениетіміз бар, әрі қарай оны алға жылжыту үшін білім керек, ғылым керек, тәрбие керек, озық технологиялар керек.

РКС: Тамыз кеңесі марапаттау рәсімімен түйінделді. Білім саласына сіңірген еңбегі үшін 16 ұстаз «Ыбырай Алтынсарин», «Білім саласының үздігі» төсбелгілеріне ие болды. 100 үздік олимпиада мектептері қатарына енген Көкшетаудың 4 білім ошағына 5 миллион теңгенің сертификаты, мектепке дейінгі үздік ұйым мен үздік кәсіптік-техникалық білім ошағына 10 миллион теңгенің сертификаттары табыс етілді. 

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу

Аймақтық телеарналар