Егін жинау: кәсіпорын заманауи агротехнология мен цифрландыруға басымдық беріп отыр
ДИКТОР: Аптап ыстық пен құрғақшылыққа қарамастан, өңірдегі ауыл шаруашылығы алқаптарында егін жинау науқаны белсенді жүргізіліп жатыр. «Журавлевка-1» серіктестігі шамамен 30 мың гектар алқаптан өнім жинады. Аграршылар заманауи агротехнологиялар мен цифрландыруға басымдық беріп, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отыр.
РКС: Бурабай және Бұланды аудандарында серіктестіктің егістік алқап көлемі 120 мың гектардан асады. Маусым кезінде дәл осы алқапқа 100-ден аса комбайн шығады. Олардың дені заманауи, өнімділігі жоғары техника. Қолайлы ауа райында бар жоғы 25-30 күннің ішінде егін жинау жұмысын аяқтауға болады.
СНХ: СЕРГЕЙ ШАПОЧКА, МЕХАНИЗАТОР: Жұмыс күні таңғы 8-ден басталады. Таңның атысынан кеш батқанға дейін жұмыс істейміз. 1 ауысым. Техника жаңа. Жұмыс өз реттілігімен жүріп жатыр. Егін өнімі бір жерде көп болса, бір жерде аз. Жалпы биылғы жылы өнім көрсеткіші жаман емес. Өнімді тасып та үлгеріп жатырмыз, бәрі бір қалыпта.
РКС: Биыл алқаптың 3-тен бір бөлігін майлы дақылдар алып жатыр. Қазір ауыл шаруашылығы кәсіпорнының алқаптарынан рапс жиналуда. Аграршылардың негізгі мақсаты егін шаруашылығын сапалы әрі тиімді мерзімде аяқтау.
СНХ: ЕРЛАН ТОҚАНОВ, «ЖУРАВЛЁВКА-1» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Орташа өнімділік гектарынан 18 центнерден айналуда. Біздегі машина-трактор паркінде 100-ден астам комбайн бар. Сондай-ақ, біздің кәсіпорында астық тасымалдауға арналған 53 трактор, 36 жүк көлігі бар. Ал, жинақтаушы 20 бункер астықты қалдықсыз жинауға мүмкіндік береді. Айта кетейін, осыдан 2 жыл бұрын жалақы 507 мың теңге болса, былтыр бұл көрсеткіш 589 мыңға теңгеге жетті.
РКС: Кәсіпорын барлық кезеңде заманауи технологияларды қолданады. GPS-навигация, автоматты жүргізу жүйесі, спутниктік мониторинг, агродрон мен метеостанциялар егістіктің жай-күйін бақылауға, атап айтқанда технологиялық әрекеттерді орындауға және ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бүгінде серіктестік дәнді, дәнді-бұршақты, майлы және мал азықтық дақылдарды өсіруге маманданған.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ