Құрылыс индустриясын дамытуға серпін беретін жаңа өндіріс орны бой көтеруде
ДИКТОР: Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев жұмыс сапары аясында шаһардағы бірқатар маңызды нысанды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Қала басшысы кірпіш өндіретін серіктестіктің жұмысын көріп, кәсіпорынның өндірістік әлеуеті мен даму мүмкіндіктеріне назар аударды. Сондай-ақ, Чайкино ауылындағы 120 орынға арналған мектеп құрылысының барысымен танысты. Теміржол вокзалында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары мен қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің алдағы жылу беру маусымына дайындығын да тексерді.
РКС: Көкшетауда құрылыс индустриясын дамытуға серпін беретін жаңа өндіріс орны бой көтеруде. Жылына 60 миллион дана кірпіш өндіруге қауқарлы серіктестіктің жобасы өңірдегі ірі инвестициялық бастаманың бірі. Жоба құны 14 миллиард теңгеге жуық. Кәсіпорын толық қуатына шыққанда 200-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ. Қазір зауыт құрылысының 80 пайызы аяқталған.
СНХ: ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біз бұл аумаққа барлық инфрақұрылымды толық жүргізіп жатырмыз. Жұмысты теміржол жолдарын тартудан бастадық. Оған бюджеттен шамамен 500 миллион теңге инвестиция бағытталды. Осыдан кейін мұнда шамамен 40 резидентті орналастыру жоспарланып отыр. Әр кәсіпорын өз өндірісіне қажетті теміржол тұйықтарын жеке салып алады. Бұл, шикізатты зауыттарға жеткізу және дайын өнімді сыртқа жөнелту үшін өте маңызды. Қазір құны 1 миллиард 200 миллион теңге болатын су құбырының құрылысы жүргізілуде.
СНХ: МАМЫРБЕК ШАМШЕТОВ, ӨНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМНІҢ ИНЖЕНЕРІ: Омбы-Көкшетау бағытында сорғы станциясы орналасқан. Шамамен 7 мың метр магистральді су құбыры тартылып, 48 құдық орнатылды. Жұмыстарды осы айдың соңына дейін аяқтауға тырысамыз .
РКС: Бұдан бөлек зауытта кәріз желілерін, автомобиль жолдары мен сыртқы жарық, яғни 2 тораптық қосалқы станция салу, әрқайсысына қуаты 40 мегаваттық 2 трансформатор орнату жоспарланған. Қала әкімі Әнуар Күмпекеев Чайкино ауылындағы көптен күткен жаңа білім ордасының құрылыс барысымен танысты. Мұнда 120 орындық, 2 қабатты заманауи мектеп салынып жатыр. Жаңа нысанның ауыл үшін маңызы зор. Себебі жарты ғасырдан астам тарихы бар қазіргі мектеп ғимаратының тозығы жетіп, бүгінгі заман талабына толық жауап бере бермейді. Жаңа мектепте оқушыларға сапалы білім алуға бар жағдай жасау қарастырылған. Сондай-ақ, жақын орналасқан шағын аудандардан балаларды қабылдауға да мүмкіндік артады.
СНХ: АЙГҮЛ НҮГЕРТАЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл жерде Чайкино ауылы Красный Яр елдімекенімен шектеседі. Сонымен қатар Геологтар шағын ауданы да жақын орналасқан. Осы маңдағы бастауыш сынып оқушылары көпір арқылы жаяу келіп, жаңа мектепте білім ала алады. Бұл оларға бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жақын әрі ыңғайлы болады. Жобада ең алдымен оқушыларға қажетті жағдайлар қарастырылған. Мұнда спорт, акт залдары, жеке асхана және футбол алаңы болады.
РКС:Қараша айының соңына дейін нысан пайдалануға беріледі деген жоспар бар. Бүгінде құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүріп жатыр.
СНХ: САЯТ МҰҚАШЕВ, УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ: 9 класс негізі болады. 57 адам қазір жұмыс істеп жатыр. 1 смена үлгеріп жатырмыз. Сағат 8-де бастаймыз, сағат 7-де бітіреміз. Бізге жетеді. Уақытпен жүріп жатырмыз. Каменьщиктар 2 бригада істеп жатыр 32 адам. Қалғаны инженерные сети, сварщиктер и бетондар.
РКС: Көкшетау теміржол вокзалы жаңа тыныс алып, жаңарған келбетке ие болуда. 1981 жылы бой көтерген нысанға араға 20 жылдан астам уақыт салып, ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Жылдар бойы сан мыңдаған жолаушыны қарсы алып, талай сапардың куәсі болған вокзал ғимараты бүгінде заманауи талаптарға сай жаңғыртылды.
СНХ: РОЗА АРЫСТАНҚЫЗЫ, КӨКШЕТАУ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Вокзалдағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды десек болады. Тек соңғы түзетулер ғана қалды. Қазір аралық және жағалаулық платформаларда жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аралық платформада қалқалар орнатыла бастады, металл конструкциясы да қойылды. Бүгін ғана жалғастырушы арқалықтар жеткізді. 1-ші жолдан вокзалға қарай, 3-ші жолға дейін бір арқалық металл орнатылып қойды. Қыркүйектің аяғына немесе қазанның 1-не қарай вокзалдың ашылуын күтіп отырмыз.
РКС: Сонымен қатар, Көкшетау теміржол вокзалының маңы да жаңаша абаттандырылып, айтарлықтай өзгереді. Енді бұл аумақта көліктер үшін өтпелі жүру бөлігі пайда болады. Ал автобус жолаушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және жүргізушілердің өтініштерін ескере отырып, аялдамалардың артына қосымша өтпелі жол мен тұрақ салынады. Жылу беру маусымына дайындық та қала әкімінің назарынан тыс қалған жоқ. Бүгінде көпқабатты тұрғын үйлердің басым бөлігі алдағы қысқа дайын. Дегенмен, кейбір үйлерде маман тапшылығына байланысты дайындық жұмыстары әлі де толық аяқталмаған.
ИНТЕРШУМ:
РКС:Жауапты мамандарға қалған жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтап, тұрғын үйлерді жылу беру маусымына толық әзірлікке келтіру тапсырылды. Сонымен қатар, қала басшысы көшелердегі жолдарды жөндеудің сапасы мен тұрғын үй аулаларының абаттандырылуын, балалар үшін жайлы орта қалыптастыру мәселелерін де назардан тыс қалдырмады. Биыл қала аумағында балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін 11 ойын алаңы мен 5 футбол алаңын салу жоспарланып отыр.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ