Негізгі Жаңалықтар Биыл ақмола облысы бойынша 12 мыңнан астам бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды

Биыл ақмола облысы бойынша 12 мыңнан астам бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды


ДИКТОР: Ақмола облысында биыл 12 мыңнан астам бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Өңірдегі 500-ге жуық білім ордасында қазір жаңа оқу жылына дайындық қызу жүріп жатыр. Ал болашақ 1-ші сынып оқушылары үшін «Балақай мектебі» жұмысын бастады. №1 мектеп-гимназиясында бүгінде 50-ге жуық бүлдіршін мектеп өміріне бейімделіп, алғашқы сабақтарына дайындалуда. Мұнда балалар әріп танып, санауды үйренумен қатар, сабақ тәртібіне бейімделіп, ұстаздары мен қатарластарына үйренісуде.

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Мектеп қабырғасында ұйымдастырылған «Балақай мектебі» қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Дайындық сабақтары тамыздың 10-ынан басталған. Бүлдіршіндерге арналған оқу бағдарламасы алдын ала бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Сабақ барысында балалар мектеп тәртібіне бейімделіп, оқу мен жазудың алғашқы дағдыларын меңгеруде.

СНХ: АЙНАРА ТОБЫЛДАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ №1 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ: Сабақ кестесі бойынша күнделікті 4 сабақ 30 минуттан және 10 минуттік үзіліс бар. Сонымен қатар сауат ашу негіздері, математикалық сауаттылық, тіл дамыту сабақтары жаңағы жапсырмалау, мүсіндеу, сурет салу сабақтары арқылы, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, зерттеу әрекеттерін қалыптастырудамыз. Үлкен үзіліс кезінде оқушылармен қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастырамыз. Ойын арқылы балалардың дене дағдылары жетілетін болады. Біз мұғалімдер мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерге мектепке үлкен қызығушылықпен және де үлкен сенімділікпен қадам басуға жағдай жасаудамыз.

РКС: №1 мектеп-гимназиясында бүгінде 3 мыңға жуық оқушы білім алады. Ал жаңа оқу жылында білім ордасы 1-ші сыныпқа тағы 285 бүлдіршінді қабылдамақ. Оның төртеуі арнайы қолдау мен ерек назарды талап ететін оқушылар.  

СНХ: ГҮЛІМ ӘБІШОВА, ИНКЛЮЗИЯ ҚОЛДАУ КАБИНЕТІНІҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: 2025-2026 оқу жылында ерекше білімді қажет ететін балаларға арнайы білім беру қызметін көрсету мақсатында мектебімізде инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Ерекше білімді қажет ететін балалардың саны қазір 73. Инклюзияны қолдау кабинетінде арнайы мамандар жұмыс жасайды. Олар:дефектолог, логопед және психолог. Білім беру кезінде жеке қолдауды талап ететін балаларымыз бар. Олардың саны былтырғы оқу жылында 6 оқушы болған. Біздің арнайы педагог ассистенттеріміз сол кісілерге оқу процессінде бағыт бағдар беріп, көмектерін көрсетеді. 

РКС: Мұнымен қатар, мектепте әлеуметтік қолдауға бағытталған «Мектепке жол» акциясы да өз жалғасын табуда. Игі бастама аясында әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылардан шыққан балаларға оқу жылына қажетті құрал-жабдықтар табысталып, жаңа оқу жылын алаңсыз бастауына қолдау көрсетілуде.

СНХ: САМАЛ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА, БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ІСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Биылғы оқу жылында акция аясында 3 оқушыға демеушілік көмек көрсетілді. Аталған көмек ата-аналар тарапынан көрсетілді. Жалпы сомасы 265 мың теңгені құрады. Көрсетілген демеушілік көмек балаларды оқу жылына қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етуге бағытталды. Мектепте жалпыға білім беру қоры жұмыс істейді. Бұл әлеуметтік осал топтарға жататын оқушыларға көрсетілетін мемлекеттік материалдық көмек. Қаржылай көмек мектеп формасын, аяқ киімін және оқу құралдарын сатып алуға жұмсалады. Көмек жылына 1 рет көрсетіледі. Биылғы оқу жылында 74 оқушыға материалдық көмек көрсетілді.   

РКС: Айта кеткен жөн №1 мектеп-гимназиясы білім беру, спорт және ғылыми-зерттеу бағыттарында толағай табыстарға қол жеткізіп, өңірдегі озық әрі үздік білім ордаларының қатарынан лайықты орын алып келеді. Бұған дәлел былтырғы халықаралық жетістіктері.

СНХ: ДӘМЕЛІ ӨТЕБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ №1 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША ОРЫНБАСАРЫ: 2025-2026 жылдары біздің оқушыларымыз және ұстаздарымыз халықаралық және республикалық деңгейде жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтатын болсақ, ол халықаралық STEM олимпиада және роботтар шайқасы. «Informatrix-Asia» ғылыми жобалар байқауында жүлдегерлер атанды. Сондай-ақ, бас жобалы байқауларға қатысып, Германия еліндегі жазғы лагерлерге жолдама ұтып алды. 

РКС: Бүгінде білім ордасы білім беру мен ғылымды, спорт пен цифрлық технологияны ұштастыра отырып, жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие берудің озық үлгісін қалыптастырып келеді. Оқушылардың әрбір жетістігі ұстаздар еңбегінің жемісі, ал әрбір жеңіс мектептің жарқын болашағына бастар нық қадам. Алда әлі талай биікті бағындырып, жаңа белестерді бағындыруға ұмтылған білім ордасының алар асуы да, шығар биігі де биік болмақ.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу